«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордаға жұмыс күші қажет

2020 жылғы 18 Маусым
- Астана қаласы
4465 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласында анағұрлым сұранысқа ие мамандықтар тізіміне  тағы 17 жұмыс мамандығы енді. Осы тізім бойынша биыл тегін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүргізілмек

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқытуды «Атамекен» ҰКП тізіліміне енген оқу орталықтары жүргізеді.

Қазіргі таңда бұл тізілімге 80 оқу орталығы кірген, соның ішінде 54-і кәсіпорындар жанынан, 7 колледждер жанынан, 3-і қауымдастықтар жанынан және 16-сы дербес жұмыс істейді. Олардың барлығы қысқа мерзімді кәсіптік оқуды жүргізе алады. 

 «Елорда әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссияның отырысында келесі сұранысқа ие мамандықтар тізімі бекітілді, олар: аспаз, кондитер, наубай, бақылаушы-кассир, тәрбиешінің көмекшісі, тігінші, шебер-шаштараз,  анимация-видеографика, жиһаз жинаушы, ағаш бояу цехының шебері, электр-газ дәнекерлеуші, электрослесарь, газ жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь, жартылай автоматты машинада жұмыс істейтін электро дәнекерлеуші, арматурашы және монтаждаушы. Осы мамандықтар бойынша биыл оқыту жүргізіледі», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан ӨКП директоры Алмат Жүнісов.

 Спикер, оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптың бірі – түлектердің ең кемі 60 пайызын жұмыспен қамту. Осылайша 2019 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды 28 оқу орталығы жүргізген, олардың ішінде нәтиже көрсеткіші бойынша 23-і 2020 жылы оқытуға рұқсат алды. «Жүсіпбекова Ш.Т» ЖК (100%), «Бал» ЖШС оқу орталығы (100%), «НС-Арай» ЖШС жанындағы оқу орталығы (100%), «ҚазМедДез» ЖШС жанындағы оқу орталығы (100%), Liаder Komek оқу орталығы (91,7%), Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі жанындағы оқу орталығы (84,4%), «Жанұя» балабақшасы» ЖШС жанындағы оқу орталығы (83,3%), «Нұрғалиева Г.С» ЖК жанындағы оқу орталығы (83,3%), «Қаржы академисы» АҚ жанындағы оқу орталығы (81%),«ПИК «Astana Ютария ltd» ЖШС жанындағы оқу орталығы (80%), «Сән әлемі» дизайн және технология институты» ЖШС жанындағы оқу орталығы (80%), «Hazifa» ЖК жанындағы оқу орталығы (80%), «Еуразия гуманитарлық институт колледжі» мекемесі жанындағы оқу орталығы (80%) түлектерді жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін көрсетті.

 «Оқуға жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатыса алады, ол үшін Жұмыспен қамту орталығына жүгіну керек. 2020 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен Нұр-Сұлтан қаласында 200 адам қамтылмақ. Қатысушыларға мемлекет тарапынан шәкіртақы, оқу аяқталған соң бизнес-идеяны іске асыруға грант беру мүмкіндігі қарастырылған», – деді Алмат Жүнісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер