«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елорданың жеке клиникалары Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде жұмыс істеуге мүмкіндік алды

2020 жылғы 15 Маусым
- Астана қаласы
5320 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласында елордалық кәсіпкерлер палатасының араласуы арқылы «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелу ережесіне» өзгерістер енгізілді, осылайша өз қаражатына салынып, пайдалануға берілген жеке медициналық мекемелер Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде халыққа қызмет көрсетуге мүмкіндік алды

 Еске салсақ, 2020 жылдың қаңтар айында Кәсіпкерлер палатасына төрт жеке клинка иелері хабарласып, Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасы оларды ТМККК шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсету үшін жеке клиникаларды тіркеуден бас тартқанына шағымданды. Тіркеуден бас тарту себебі аталған медициналық ұйымдар МЖӘ шеңберінде емес, жеке қаражат есебінен салынған.

 Өз өтінімдерінде кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Десаулық» мемлекеттік бағдарламасы және Нұр-Сұлтан қаласының 2026 жылға дейін денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту өңірлік ұзақ мерзімді жоспары шеңберінде астананың тұрғындарына жаяу қашықтықта медициналық қызмет көрсету бойынша жоғарыда аталған бағдарламаның негізгі бағыттарының бірін жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілгенін айтты. ҚР Дненсаулық сақтау министрінің «Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтер сатып алу ережесін бекіту туралы» 2017 жылғы 07 тамыздағы №591 бұйрығының талаптарына сәйкес кәсіпкерлер бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мақсатында орынжайлар соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік активтер басқармасынан екі орынжайды жалға алды, онда жөндеу жұмыстарын жүргізді, медициналық жабдық сатып алып, іске қосты, лицензиялар және халықтың  санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы басқа да рұқсат құжаттарды алды.

 «Медицналық объектілердің толық дайындығына қарамастан Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарамсы ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті көрсету ережелері және БМСК ұйымдарына тіркеу ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі №281 бұйрығының 4-тармағы 3-тармақшасына сілтеме жасап, мекемелерге халықты тіркеуден бас тартқан. Өкілетті органның пікірінше, кәсіпкерлердің нысандары жаңадан іске қосылған денсаулық сақтау нысандары санатына кірмейді, ал қайтадан енгізілген объект ретінде мемлекеттік бюджет есебінен немесе МЖӘ шеңберінде жаңадан салынған және алғаш рет пайдалануға берілген нысандар саналады», – деді Нұр-Сұлтан ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Қуанышбек Мұқаш.  

 Аталған мәселе Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің қарауына салынды.

 Кеңес отырысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Бас Прокуратура, ҚР Әділет министрлігі және ҚР Ұлттық экономика министрлігіне хаттар жолданды.

 Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен кәсіпкерлер және өкілетті орган бірнеше рет келіссөз жүргізді. ҰКП және өкілетті органның бірлесуімен бұрын өз қаражаты есебінен пайдалануға берілген жеке медициналық ұйымдардың жұмысына кедергі келтірген кейбір стандарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті министрліктің қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.

 «Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелу ережесіне» өз қаражаты есебінен салынған жеке медициналық мекемелерге Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. Енді бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымға денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік ұзақ мерзімді жоспарына енгізілген және жаңасын салу арқылы іске қосылған немесе бұрыннан бар құрылысты ауыстыру арқылы пайдалануға берілген объект жатады.

 Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындарға жаяу қашықтықта медициналық қызмет көрсету есебімен БМСК көрсетеін жаңадан егнгізілген денсаулық объектілеріне қызмет көрсету аумағын қайта бөлі туралы бұйрық шығарды, мемлекеттік клиникалардың қызмет аумағы қайта бөлінді және Палатаға жүгінген жеке медициналық ұйымдарға тұрғындар тіркелді», – деп түсіндірді Қуанышбек Мұқаш.

 Еске салсақ, кәсіпкерлер клиникаларды жалпы сомасы 350 млн теңгеге несие қаражатқа ұйымдастырған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер