«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылорда: «Бастау» жобасына қатысты сауалдарға жауап

2020 жылғы 11 Маусым
- Қызылорда облысы
8569 просмотров

Биыл «Бастау» жобасы республика бойынша онлайн өткізіледі. Осы орайда, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы көрермендер тарапынан қойылып жатқан сұрақтардың  жауабын әзірлеген болатынбыз. Назарларыңызға ұсынамыз.

- «Бастау» жобасы биылғы жылы қалай өткізіледі?

- «Бастау» жобасы жыл сайын наурыз айында басталатын. Биыл елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай кеш басталғалы отыр. Алғашқы поток жұмысын 10 маусымда бастайды. Алғаш рет биыл «Бастау» жобасы онлайн режимінде оқытылады.

- Жобаға кімдер қатыса алады?

- Қатысуға ниетті азаматтар өзін-өзі жұмыспен қамтыған немесе жұмыссыз болуы керек.  Жас шамасы 18 жастан зейнет жасына дейінгі азаматтардың барлығының қатысуға құқығы бар. Бірақ студенттер бұл жобаға қатыса алмайды. Қатысуға ниетті үміткердің «Бастауға» қатыса алатын/алмайтындығын айқындап, статусын анықтап беретін қала, аудандардағы Жұмыспен қамту орталықтары. Одан кейін барып жолдамасы бар азамат «Atameken Academy» платформасы (https://atameken.co/kk немесе https://openstudy.kz/ сайты) арқылы онлайн тіркеле алады немесе техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда Байқоңыр қаласы мен аудандардағы Палатының филиалындағы, Қызылорда қаласындағы «Бастау» бизнес орталығының 1-қабатында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығындағы кеңесшілер көмегіне жүгіну арқылы тіркеле алады.

- Өткен жылдардағыдай жобаға қатысушылар тест тапсыра ма?

- Биылғы жылы «Atameken Academy» платформасы арқылы оқудың басында және аяқталған соң тест алынады. Аталмыш тест қорытындысы сертификат алу барысында әсер етеді.

-  «Бастауға» қатысушыларға алдыңғы жылдардағыдай стипендия төлене ме?

- Бұл кезге дейін, яғни оффлайн режимінде стипендия жолақы үшін берілетін. Биыл онлайн болғандықтан стипендия төленбейді.

- Онлайн сабақ қалай өтеді неше күнге созылады?

- Сабақтың ұзақтығы 21 күн. Алайда оны ерте де бітіруге болады. Ол қатысушының сабақ барысын және тапсырмаларды игеруіне байланысты. Сабақтардың барлығы модуль түрінде «Atameken Academy» платформасына орналастырылады. Әр модульді көріп болғаннан кейін жоба қатысушыларына тапсырма беріледі. Аталмыш тапсырмаларды орындау арқылы бизнес-жоспарларын құрады.

-  Бұрын бизнес-жоспарды әзірлеуге бизнес-тренерлер көмек көрсететін. Енді қалай болады?

- Биылғы өзгерістерге сай бизнес-жоспарды қатысушы өзі әзірдейді. Бизнес-тренер бағыт-бағдар, кеңес береді. Қатысушы әзірлеген бизнес-жоспарын бизнес-тренерге жолдап, тексертеді. Әрі қарай бизнес-тренер Нұр-Сұлтан қаласына жолдап, мамандардың сараптауынан өткіздіртеді. Бизнес-жоспар өткен жағдайда ғана «Бастау» жобасын сәтті аяқтағандығы жөнінде сертификат беріледі.

- Биылғы жылы Қызылорда облысы бойынша қанша азаматты оқыту жоспарлануда?

- Жоспарда 2150 адамды оқыту көзделген. Аудан, қаланың халық санына қарай бөлініс жасалды.

 - «Еңбек» бағдарламасы аясында берілетін қайтарымсыз қаржы – 200 айлық есептік көрсеткіш грантты алу үшін не істеу керек?

 - Биыл «Еңбек» бағдарламасына өзгеріс енді. Өзгеріске сай, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар «Бастау» жобасын оқымай-ақ, қала, аудандардағы Жұмыспен қамту орталықтарына барып грант алуға өтінім қалдыра алады. Ол орталықта бизнес-жоспардың жеңілдетілген үлгілері бар. Сол үлгіге сай бизнес-жоспарларын әзірлеп, гранттық комиссия алдында жобаларын қорғай алады.

- «Бастау» жобасының сертификаты қанша уақытқа жарамды?

- Оқуды оқып, бизнес-жоспарын сәтті жасай алған азаматтарға берілген сертификат 3 жылға жарамды. Осы 3 жыл аралығында жоба қатысушысы қайтарымсыз грантқа, жеңілдетілген несиеге құжат тапсырып, жобасын қаржыландыруға қол жеткізе алады.

- Жалпы кәсіпкерлік саласында біліктілігін жетілдіргісі келетін азаматтардан сұрақтар туындаған жағдайда қайда бара алады? Қандай байланыс нөмірлеріне хабарласа алады?

- Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Қызылорда қ., Желтоқсан көшесі, 12, телефон: 8/7242/400874,  сайт: www.atameken.kz.

Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының мекен –жайлары:

Арал ауданы – Арал қ., Бактыбай батыр к-сі, 46 үй, тел.:8/72433/79199

Қазалы ауданы – Әйтеке би кенті – Әйтеке би к-сі,  9 үй, тел.:8/72438/79243

Қармақшы ауданы – Жосалы кенті, Көшербаев к-сі, 36 үй, тел.:8/72437/79120

Байқоңыр қаласы - Байқоңыр қаласы, Абай көшесі 16 үй, тел.: 8/336/222735

Жалағаш ауданы – Жалағаш кенті, Үркімбаев к-сі, 33 «а» үй, тел.:8/72431/79199

Сырдария ауданы – Тереңөзек кенті, Қонаев к-сі, 12 «а» үй, тел.:8/72436/79179

Шиелі ауданы –  Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі, 5 үй, тел.:8/72432/79255

Жаңақорған ауданы –  Жаңақорған кенті, Иманова А. к-сі, 140 үй, тел.:8/72435/79120

Анықтама телефондары: 40-02-02, 40-09-81.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер