Бизнес өкілдерін Сауданы дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны талқылауға шақырамыз
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері мемлекеттік бағдарлама туралы ақпарат беріп, бизнес ұсыныстарын талқылайды
Осыған дейін «Атамекен» алаңында сауда секторы кескінінде Сауда саласын 2025 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын талқылаған болатын.
Жобаны қабылдау өнім сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, саудадағы кадрлық әлеуетті жақсартуға, көпформатты сауда-бөлу инфрақұрылымын құру, қолайлы тұтынушылық ортаны қалыптастыру, шикізатты емес тауарлар/қызметтер импорты мен экспортының әртараптануын жоғарылату, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Талқылауға барлық мүдделі тараптар, бизнес-қоғамдастық, салалық қауымдастықтар, азаматтық ұйымдардың өкілдерін қатысуға шақырамыз, 11 маусымға дейін кандидаттарды мына электронды мекенжайға жіберуді сұраймыз: a.momynbekov@atameken.kz
Қатысу үшін сілтеме сіздің жеке поштаңызға жіберілетін болады.
Бағдарлама жобасы www.mti.gov.kz сайтында 2020 жылдың 4 маусымында, сондай-ақ ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 4 маусымда жарияланған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: