«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстау дизайнерлері алғаш рет Дубай қаласында сән көрсетілімін ұйымдастырды

2020 жылғы 08 Маусым
- Маңғыстау облысы
4662 просмотров

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында Fella Fashion Show Dubai сән көрсетілімі өтті. Жобаның ұйымдастырушысы - «PR agency of  Yerlan Yerubayev», агенттіктің негізін қалаушы - Ерлан Ерубаев

Жобаның мақсаты – өзге ұлт өкілдерін қазақ мәдениетімен таныстыру, тәжірибе алмасу, сонымен қатар алғаш рет халықаралық деңгейде Қазақстан атынан сән көрмесін ұйымдастыру болатын. Ерлан Ерубаевтың айтуынша, Қазақстан тарихында алғаш рет «PR agency of  Yerlan Yerubayev» халықаралық деңгейде Дубайда сән көрсетілімін ұйымдастыра алды. Бұған дейін бірде-бір агенттік мұндай шараларды ұйымдастырған емес. Көрсетілімді өткізуге БАӘ Мәдениет министрлігі рұқсат берді, осыған байланысты арнайы лицензия да берілген.

Мен өзім бірнеше рет шоумен бірге баруға тырыстым, бірақ нәтиже болмады. Тек ұйымдастырушы Ерлан Ерубаевтың, оның табандылығының арқасында ғана біз команда және қатысушылар ретінде осы керемет жобаға қатыстық. Ерлан Ерубаев атақты адамдармен және белгілі тұлғалармен келісіп, оларды шоуға шақыра алды. Таңқаларлығы, олардың барлығы оның ұсынысын қабылдады. Әрине, мұны біз желтоқсан айында жоспарлаған болатынбыз, сапар алдында көптеген кедергілер болған, бірақ біз қандай болмасын баруға бел будық. Біз абыроймен өнер көрсетіп, өз елімізді және Маңғыстауды таныттық,  – деді «Нұршах» брендінің негізін қалаушы Нұржамал Нұрпейісова.

Қазақстан атынан Маңғыстау облысының мақтанышы Нұржамал Нұрпейісова ұсынған «Нұр Шах» бренді, сондай-ақ Айжан Сембигалиева ұсынған «Жадағай» бренді болды. Және Түркиядан өз елінде әйгілі саналатын «ZUM Fashion» бренді, БАӘ атынан БАӘ нарығында 30 жыл бойы еңбек етіп жатқан танымал Дубай дизайнері Мона Алмансури қатысты.

«Жадағай» бренді  Дубай қаласында этникалық стильде, барлығы   тек қана түйе жүннен дайындалған сырт киім үлгілерін көрсеттік. Сырт киімдер қазақ халқының ежелгі  тарихын және мәдени құндылықтарын сақтай отырып көрсетілімге үлкен дайындықпен қатыстық. Көрсетілімнен  кейін  келген қонақтар  жеке келіп хабарласып киімдерді ұстап көріп суретке, видеоға түсіріп қызығушылығын көрсетті. Сол жерден екі жадағайды сатып алды. Мен бұл көрсетілімге қатысқаныма өте қуаныштымын. Маңғыстауда өндірілмей жатқан түйе жүні өндірісіне аз да болса үлесімді қоссам деген арманым  орындалып жатқанына көзімді жеткізгендей болдым», - деді «Жадағай» брендінің негізін қалаушысы Айжан Сембигалиева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер