«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Үкімет жанындағы ахуалдық орталық жұмыссыздық мәселесін алдын-алады»

2020 жылғы 05 Маусым
1857 просмотров

Елімізде 2 млн. азаматтың карантиннен кейінгі әлеуметтік жағдайы туралы нақты дерек жоқ. Болжам бойынша, осынша адамның күнкөріс деңгейі төмендеген болуы мүмкін. Үкімет жанындағы ахуалдық орталық жұмысы осы мәселені реттеуге бағытталады. Бұл жөнінде бүгін «Аtameken business» арнасында өткен телемарафонда «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, елдегі азаматтардың ТЖ-дан кейінгі күнкөріс деңгейі мен әлеуметтік жағдайы зерттелуі керек. Бұл жағдайда 42 500 теңгеге өтініш берген 8 млн. азаматтың мәліметтерін нысанаға алуға болады. Яғни, өтініш бергендермен кері байланыс орната отырып, жағдайды анықтауға мүмкіндік бар.    

«Карантинге дейін тұрақты жұмыс істегендердің кем дегенде 9% -ы (әлеуметтік жәрдемақы алуға жүгінген 8 миллион адамның) кірістерін жоғалтты. Бұл шамамен 700 мың адам. Төтенше жағдай аяқталса да көптеген бизнес салалары үшін карантиндік шектеулер алынған жоқ. Бұл 2 миллионға жуық азамат қиындықпен бетпе-бет келіп отыр деген сөз. Осы ретте, табысын жоғалтқан адамдардың нақты санын, пандемиядан бұрын немен айналысқанын, білім деңгейін, дағдылары мен тәжірибесін, қайта даярлаудан өткізу қажет пе, соттылығы бар ма деген сияқты сұрақтарға жауап табу керек. Осындай ақпараттар оларға жұмыс табуға, қайта даярлаудан өткізуге және даму бағытын айқындауға көмектеседі», - деп атап өтті О.Темірбекұлы.

Сонымен бірге, Палата өкілі әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бойынша Үкімет қабылдаған шаралар негізінде өзін-өзі жұмыспен қамтып келген азаматтардың саны едәуір өскенін атап өтті. Бірыңғай жиынтық төлем төлеп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны елде 1,3 миллион адамға жеткен. Ал пандемияға дейін БЖТ-ны небәрі 84 мың азамат төлеп келген.

«Атамекен» ҰКП жүргізген сауалнамаға 16 мыңнан аса кәсіпорын қатысты. Оның нәтижесі бойынша, 4 038-ін біз зерттеп, онда 46 597 адамның жұмыс істейтінін, олардың ішінде 7444 азамат еңбек қатынастарынсыз қызмет етіп келгенін анықтадық. Әрине, жұмыс берушілердің барлығы қарамағында бейресми қызмет істейтіндердің нақты санын жасыратыны белгілі. Сондықтан бұл да нақты дерек деп айту қиын. Сонымен бірге, әлеуметтік төлемдерді төлеу өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың толық бейнесін көрсетпеді. Іс жүзінде олардың саны бұдан да көп», - деді Олжас Ордабаев. 

Сондай-ақ, ол жұмыспен қамтуды жүйелеу мақсатында бірыңғай дерекқор жасау үшін Үкімет жанынан Премьер-Министрдің басшылығымен бірыңғай ахуалдық орталық құру ең дұрыс шешім екендігін алға тартты. Орталық қызметін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Атамекен» ҚР ҰКП жүргізсе, салалық министрлер мен облыс әкімдері деректер базасын құрып, жұмыссыздық мәселесін шешуге атсалысу керек деп түйіндеді.

«Орталықтың қызметі облыстық, қалалық және аудандық деңгейде болуы тиіс. Ахуалдық орталықтың негізгі қызмет бағыттары жұмыссыздардың толық профилін анықтау. Азаматтарға арналған үкімет 1414 нөмірі, Еңбек министрлігінің 1411 нөмірі, Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, сондай-ақ, мобильді жұмыспен қамту орталықтарының 1,5 мың операторы 30 шілдеге дейін 2 миллион адаммен байланысса бірқатар деректер жинақталады», - деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер