«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жылу сыйлайтын ойыншықтар

2020 жылғы 05 Маусым
- Астана қаласы
6828 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Галина Шенберг қолдан ойыншық тігеді. Былтыр ол «Бастау Бизнес» жобасымен оқып, енді кәсіби жабдық сатып алу үшін грант алуға қатыспақ

 Ойыншықтар hand_klubok брендімен матадан тігіледі, келіншек бірнеше жыл бойы қуыршақ тігіп, тоқып келеді, тұрақты клиенттер және серіктестер бар – екі дүкен дайын өнімді сатуға көмектеседі. Галина келешекте өндірісті кеңейтпек, ол үшін матаны мақтамен толтыру және матаны өңдеуді автоматтандыру қажет, қалғанын Галина қолмен тігетін болады, осылайша әр ойыншықта қол жылуы қалады дейді кәсіпкер.

 «Егер қолыңызға бірнеше қоянды алсаңыз, олардың түрлі екенін, эмоциялары да әр түрлі екенін байқайсыз. Клиенттер кейде ойыншықтарға ұзақ қарап, ұнағанын алады», – деді Галина.

 Еліктер, пингвиндер, керіктер, қояндарына қолөнер шебері табиғи маталар мен гипоаллергенді холофайберді ғана қолданады. Ойыншықтарды кір машинасында жууға болады. Жақсы сапада тігілген ойыншықтар көп реттік жууға да төзімді.

 «Отбасылық бизнес бұл. Анам маған көмектесіп, көптеген детальдарды тоқып береді. Мен ілмекпен ғана тоқимын. Негізінен түрік, америкалық және кореялық жіпті қолданамын. Сапалы материал өзіндік құнға әсер етеді, бірақ мақсатым – сапаны сақтау, ойыншық сатылып, иесіне көпке дейін қуаныш сыйлауы керек», – дейді шебер.

 Кәсіпкердің пікірінше, қалада мата, жіп сататын дүкендер аз. Ойыншықтарға табиғи маталар керек. Нарық өте тар. Қалада текстиль ойыншықтарына арналған бірде бір дүкен жоқ дейді автор.

Пішіндерді Галина ашық көздерден алады, бірақ әрқайсысын өзінің жеке стиліне қарай икемдеп алады. Ілмекпен тігілген ойыншықтар – таза авторлық дүниелер.  

 «Әр алғашқы модель сынамалы – ол қызымның олжасы. Қызым жаңа ойыншықтарды сынақтан өткізеді», – деп күледі кәсіпкер.

 Галинаға отбасы жақсы демеу, қолдау көрсетеді.

 «Жолдасым мені үнемі жігерлендіріп отырады. Кейде бәрін тастап, қалыпты жұмысқа оралғым келеді, өйткені өндіріс қиын. Кәсіпте мен бухгалтер, дайындаушы және маркетологпын. Бұл қиындау», – деді ол.

 Бір ойыншыққа 8 сағат кетеді, ең қиыны матаны мақтаға толтыру, сондықтан Галина бұл процесті автоматтандырмақ. Кәсіпкер көрмелерге жиі қатысады. Бір жолы кәсіпкер мәнерлеп сырғанау мектебімен келісім жасап, байқау қатысушыларына арнап 28 күн ішінде 170 ойыншық тіккен. Коньки киген ойыншықтар бәрінің көңілінен шыққан.

 «Клиенттердің разылығы мені жігерлендіреді. Бір айда осынша сатамын дей алмаймын. Әдетте бір айда тапсырыстарды орындасам, келесі ай дүкендерге тігемін. Ең тартымды ойыншықтар пингвиндер, олар сондай сүйкімді болып шығады, сатып алмау мүмкін емес», – дейді Галина.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер