«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада «Бизнес-мектеп» жобасы бойынша қатысушыларды тіркеу басталды

2020 жылғы 02 Маусым
- Астана қаласы
6365 просмотров

 1 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында «Бизнес-мектеп» жобасы бойынша қатысушыларды тіркеу жүріп жатыр. Карантиндік шараларды ескере отырып, 10-күндік оқу курсы онлайн режимінде өтеді.

 Тегін оқуға әркім, соның ішінде кәсіпті енді бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер қатыса алады.

 Тіркелу үшін Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасына хабарласу керек, мекенжайы: пр. Момышұлы 2/11, БЦ «Avenue». Өтініш, жеке куәлік көшірмесі, сондай-ақ өтініш берушінің санатын растайтын құжат (кәсіпкерлікті қолдау бойынша қолданыстағы бағдарламаларға қатыспаған тұлға/ бастауыш кәсіпкер/жұмыс істеп жатқан кәсіпкер) тапсыру керек.

 «Онкүндік курс барысында кәсіпкерлікті ұйымдастыруға қажетті негізгі мәселелер кәсіпкерлік орта және идея құру, салық салу, бизнесті жоспарлау, маркетинг, HR және топ құру, франчайзинг, цифрландыру және бизнес, сондай-ақ кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары сияқты тақырыптар қаралады. Оқу аяқталған соң елорда әкімдігі бөлетін грант (5 000 000 теңгеге дейін) байқауына қатысуға, сондай-ақ жеңілдікпен микронесие алуға мүмкіндік беретін сертификат табысталады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов.

 Айта кетелік, биыл «Бастау-мектеп» жобасының шарттары өзгерді: курс бағдарламасы кеңейтілді, оқу 2 күн орнына 10 күн жалғасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер