«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жамбыл облысында 1 маусымнан бастап қандай қызмет түрлері жұмысын қайта бастайды?

2020 жылғы 01 Маусым
- Жамбыл облысы
6793 просмотров

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Жамбыл облысында коммерциялық және әлеуметтік нысандардың жекелеген түрлерінің жұмысын қалпына келтіру жоспарланған. Алайда, бұл орайда  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бекіткен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау міндетті шарт болып табылады. Аталған шешімді облыстық жедел штаб қабылдаған.

Атап айтқанда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, мектепке дейінгі мекемелердің және қосымша білім беру ұйымдарының (топта 15 адамнан аспайтын), автобус және теміржол вокзалдарының, мәдени және спорт нысандарының (көрермендерсіз), саябақтар мен скверлердің, фитнес-клубтар мен spa-салондардың (монша кешендерінен тыс)  ұйымдардың қызметіне рұқсат беру жоспарлануда.

Бұл нысандардың иелері мен басшылары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 Қаулысымен және жұмыс алгоритмдері белгіленген қосымшалармен танысуы керек.

Нысандар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болған жағдайда көрсетілген нөмірлер бойынша жергілікті атқарушы органға жүгінуі немесе электронды пошта арқылы өтінім жіберуі тиіс.

Өтініш келіп түскен сәттен бастап үш күн ішінде объектіні бақылау тобы санитарлық нормаларға сәйкестігін тексеруі керек. Егер объект нормаларға сәйкес келсе, жұмысты қайта бастауға мүмкіндік беретін акт рәсімделеді.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктер мен базарлардың жұмысын қалпына келтіру мәселесі қарастырылуда. Ол туралы жедел штабтың ағымдағы жылдың 1 маусымында, дүйсенбі күні өтетін кезекті отырысында қаралады.

Қала, аудан

Байланыс нөмірлері

Электрондық почта

 
 

1

Байзақ ауданы

8(7263)77-90-17, 75-08-27

Otdel.kasipker@mail.ru

 

2

Жамбыл ауданы

8 (72633)2-11-90 2-25-77

asa_industrya@mail.ru

 

3

Жуалы ауданы

8 (72635)2-19-54, 2-00-50

sugirbekov92@mail.ru               murat.mazhit@mail.ru

 

4

Қордай ауданы

8701-616*4313, 8701-731-5247, 8707-535-0050,        8775-676-1463

opp_kordai@mail.ru

 

5

Меркі ауданы

8 (72632)2-24-88, 2-11-71

d_nur2020@mail.ru
nurik_301091@mail.ru

 

6

Мойынқұм ауданы

8 (72642) 2-41-59, 2-44-50

moynkum_prom@mail.ru

 

7

Т.Рысқұлов ауданы

8 (72631) 4-07-10

kulanraises@mail.ru

 

8

Сарысу ауданы

8 (72634) 6-22-42, 6-33-53

opp_sarisu@mail.ru,  olzhas.k.t@mail.ru

 

9

Талас ауданы

8 (72644) 4-00-22

kasipkerlik_bolimi_talas@mail.ru

 

10

Шу ауданы

8 (72638) 3-25-26

kasipkerlik_shu@mail.ru shuapparat@mail.ru

 

11

Тараз қаласы

8 (7262) 45-96-08 43-05-80, 43-15-16

opp-taraz@mail.ru

 


Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 Қаулысымен және жұмыс алгоритмдері белгіленген қосымшалармен танысуы үшін келесі сілтемені басыңыз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/35853?lang=kk 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер