«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын дамыту туралы заң жобасы тұжырымдамасына өз ұсыныстарын жібере алады

2020 жылғы 29 Мамыр
6769 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасының Тұжырымдамасы қаралымға келіп түсті

 Заң жобасын қабылдау мына бағыттарды қарастырады:

-сақтандыру өнімдері тізімін кеңейту;

-міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру;

-жүктелген сақтандыру және пулингтік сақтандыруды дамыту;

 -сақтандыру қызметтері нарығының қатысушылары, қаржы ұйымдарының иелері және қаржы қызметтерін пайдаланушылары үшін реттеуші теңгерілген жағдай жасау, соның ішінде сақтандыру нарығын бақылау және қадағалау рәсімдерін оңтайландыру;

 -сақтандыру нарығы инфрақұрылымын дамыту, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында инфрақұрылымдық ұйымдардың функционалдығын арттыру және олардың сақтандыру нарығындағы рөлін нығайту;

 -бағалы қағаздарды шығару және төлеу тәртібін оңтайландыру, қарыз бағалы қағаздардың жаңа классы мен орналастыру түрлерін енгізу;

-өңірде есептеу-есеп айырысу хабы ретінде орталықтандырылған депозитарийді дамыту;

-бағалы қағаздар нарығы саласында өкілетті органның бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру;

- білікті инвесторлар тұжырымдамасын жетілдіру;

-бағалы қағаздармен мәмілелер жасау процедураларын оңтайландыру;

- Қазақстандық заңнаманы халықаралық айырбас және  туынды құралдар қауымдастығының (ISDA) үлгі заңына сәйкестендіру

 тұжырымдама жобасы 
түсіндірме жазба

Тұжырымдама жобасымен танысуды ұсынамыз, жоба бойынша ескертпелер мен ұсыныстар болса мына байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:  Бекжан Отарбаев b.otarbaev@atameken.kz; Әнел Тиштик 8-776-620-15-15, a.tishtik@atameken.kz 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер