«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

КО аясында тауар экспорты мен импорттау процедурасы оңтайландырылуы мүмкін

2014 жылғы 16 Сәуір
3641 просмотров

Кеден одағы аясында экспортқа шығарылатын және импортталатын тауарларды растау процедурасы оңтайландырылатын болады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындаы ОКҚ брифингi барысында Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң төрағасы Әнуар Жұмадiлдаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Бiздiң салық төлеушiлерiмiз жиi шағымданады. Бiз Кеден одағы аясындағы туындайтын мәселелердi түсiндiру бойынша семинарлар өткiземiз. Бизнес қауымдастығы тарапынан бiзге экспортқа шығарылатын және импортталатын тауарларды растау процедурасына қажеттi құжаттарды тек электронды түрде ұсыну арқылы оңтайландыру өтiнiшi келiп түскен болатын. Бұған дейiн қағаз бетiндегi растау талап етiлген еді»,- деді Ә.Жұмадiлдаев. 

Оның айтуынша, бұл ұсыныс салық саясаты бойынша консультативтiк комитет отырысының қарауына шығарылып, ресейлiк және беларусь тарапынан қолдау тапқан. 

«Жанама салықтарды алу тәртiбi туралы хаттамаға өзгерiстер мен түзетулер енгiзу туралы жоба әзiрлендi. Қазiргi уақытта хаттама мемлекет iшiндегi процедуралардан өтуде. Бұл операцияларды растау оңтайландырылады деп ойлаймын» - деп толықтырды ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер