Денсаулық сақтау саласында ұлттық оператор қажет пе?
Депутаттық корпус өкілдері, медицина саласындағы қоғам белсенділері және сарапшылар Денсаулық сақтау саласында ұлттық операторды («Turar Healthcare» ЖШС) құру мәселесі жөнінде «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында өткен қоғамдық тыңдауға қатысты
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес республика бойынша аурухана инфрақұрылымын жаңарту жоспарланған. Ескірген 40 объект орнына халықаралық дәрежедегі 16 көппрофильді аурухана (облыстық көппрофильді ауруханалар; қалалық көппрофильді ауруханалар; университеттік клиникалар) салынады. Бұл нысандар заманауи техникалық шешімдерді ескере отырып, толығымен медициналық техника, ақпараттық жүйемен қамтылған және ұзақ мерзімді келісімшарттар шеңберінде техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етумен жобаланған.
«Неге Ұлттық оператор құрылады? Өйткені, өңірлік деңгейде осындай жобалармен, әсіресе валюталық тәуекелдер өтемақысына қатысты тәжірибе қалыптаспаған. Қолжетімді қарыз қаражат, соның ішінде шетелдік капиталды тарту арқылы қаржыландыру бола бермейді. Шетелдік инвесторлар орталық аппарт өкілдерімен жұмыс істеуді жөн көреді. Екіншіден, бұл жоғары деңгейдегі техникалық шешімдер. Бізге шығып, оларды іздеу қажет болмайды, серіктестер байқауға қатысып, жаңа технологияларды өздері ұсынады», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің жобалық алқа жетекшісі Асқар Хорошаш.
Қазақстанда мемлекет қатысуымен 105 жоба ішінде 65-і бойынша пайдалануға беру мерзімдері бұзылды, 20-дан астам жоба бюджетке түзетулер жасаумен іске асты.
Спикердің айтуынша, Ұлттық оператор жобаларды іске асыру бойынша инвесторлармен мәселелерді жылдам шешуге көмектеседі.
Дайындық кезеңінде жаңа ұйымның функциялары ауруханалар құрылысы дирекциясына ұқсас, ал ауруханалар іске қосылғаннан кейін – ұйым тікелей медициналық көмек көрсетеді. «Turar Healthcare» ЖШС негізгі міндеттері:
- әзірлеу кезеңінде – барлық жобаларды әкімшіліктендіру және үйлестіру, МЖӘ келісімшарттарын жасау бойынша шараларды іске асыру;
-кадр легін ұйымдастыру және құрылмақ ауруханаларға арнап оларды оқыту;
-медициналық көмекті көрсету;
- МЖӘ келісімшарттары бойынша жеке әріптес міндеттерін орындауын бақылау;
-жоғары білікті мамандарды дайындау бойынша университеттік заманауи ауруханаларды құру.
Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева бизнес және қоғам өкілдерінде құрылмақ оператордың шамадан көп қызметіне, жеке сектормен өзара қарым-қатынас орнату, қаржыландыруға қатысты сұрақтары барын атап кетті.
«Қаржылық бюджет жөніндегі комитетте аталған жоба тыңдалды. МЖӘ схемасы бойынша инвестициялық шығындарды өтеу деген не екенін түсіндіріп кетсеңіздер және қандай есептер жүргіздіңіздер? Аталған объектілерге арналған терифтермен не болмақ? Егер 300-орынды ауруханаға 600 млрд теңгеге дейін қаржы бөлінетін болса, инвесторға өз қаражатын қалай алу керек?», – деп сұрақ қойды қаржы жөніндегі комитет өкілдеріне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты РК Альбер Рау.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Анар Мүсірепованың айтуынша, тарифтерге ешқандай мөлшерлеме тағайындалмаған. Инвестор қолжетімділік үшін ғана төлем ала алады, оған эксплуатациялық және инвестициялық шығындар кіреді. Валюталық тәуекелдерді төмендету үшін мемлекеттік орган екінші деңгейлі банктермен барынша теңгелік инвестициялау мәселесі бойынша жұмысты бастады.
«Осы жобаларды әзірлеп жатқан адамдар басқа әлемде тұрып жатқан секілді. Бүкіл ел бизнесті қалай қолдауға болады, дағдарыстан шығу жолдарын ойласа, мына жолдастар ақшаны қалай бөлісерін білмейді. Бізде медициналық сақтандыру қорында көп қаражат жиналып қалды ма? Әр 3-5 жыл сайын жабдық жаңартылады, бізде ғимаратттармен емес, персоналмен проблема бар», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.
Презентация барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев әдемі таныстырылымның соңы қандай болатынын сұрады.
«Отыз жыл ішінде денсаулық сақтау саласында мамандарды дайындай алмадық. Алдымен база, есептер мен мамандарды дайындап алу керек, содан кейін ғана аурухана салуға көшу қажет. Өз тәжірибеме сүйенсем, көп өңірде жаңа техника алынып жатыр, жабдық жылдар бойы қолданусыз тұрып қалады, өйткені мамандар жоқ», – деді Омархан Өксікбаев.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева денсаулық сақтау министрлігі валюта мәселесін қарауды бастағанын, алайда шығындар қалай төленетіні бойынша есептер берілмегенін айтты.
«НҚА-ны әзірлеу және медициналық құрауышты өсіру үшін квазимемлекеттік секторды қайталайтын оператор құрылмақ, ал осындай оператордың құны қандай болмақ? Шығындарды өтеу керек болады тіпті теңге түрінде келіссеңіздер де шетелдік инвестор табысты шетел валютасында санайтын болады. Әдемі ауруханалар салынады делік, ал оларға сапалы қызметті кім көрсетеді?», – деп сұрақ қойды Айгүл Соловьева.
Анар Мүсірепованың айтуынша, қосымша қаржыландыру қарастырылмаған, ауруханалар медициналық қызметтен өндірілген табыс есебінен қаржыланады.
Өз кезегінде «Керуен» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Абай Садықов коммерциялық тарифтер салаға инвестициялау мәселелерін ұлттық операторды құрмай-ақ шешуге қабілетті екенін алға тартты.
«Егер әділетті тарифтер жасалса, онда шетелдік инвестор ғана емес, ішкі инвесторлар да салаға қаржы құятын болады. Бүгінде банктерімізде қаржы жеткілікті. Сіздер инвесторлар кезегі туралы айтып жатырсыздар. Әрине, ол болады, егер инвесторларға тарифтер, инфляция, курс айырмашылығын өтеп берсе әрі кепілдендірілген жұмыс көлемі берілсе. Осындай жағдай жасалса, Қазақстанда жұмыс істеуге дайын инвесторлар жеткілікті. Компаниямыз нарықты 20 жыл бойы жұмыс істеп келеді әрі инвестициялар көлемі 30 млн АҚШ долларынан асады. Шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу тәжірибемізге орай елімізге неміс, корей компаниялары келеді, алайда іске көшкенде оларға Қазақстанда жұмыс істеу тиімсіз болып шығады. Біз олармен серіктес ретінде жұмыс істейміз, демек клиникамызға профессорлар келіп, ота жүргізеді», – деді спикер.
Абай Садықовтың пікірінше, қолдағы бар институттар мен ауруханаларға реконструкция жүргізбей, 16 жаңа медициналық нысан салу –ойластырылмаған қадам.
«Біз әлімнің көптеген клиникаларымен жұмыс істейміз, оларда заманауи үлгіде салынған ғимараттар саны небәрі 20%-ды құрайтынын көріп отырмыз, ал қалған нысандардың тұрғанына 100 жылдан асқан. Қолданыстағы ғимаратты қалыпқа келтіруге болады, жөндеу жұмыстарын жүргізуге кедергі жоқ. Ал жаңа клиникалар дәрігерлерге де, науқастарға да қиындық тудырады, емделу, жұмыс істеу үшін алысқа баруға тура келеді. Оған қоса жаңа клиникалар инфрақұрылым, коммуникация ретінде бюджетке ауыртпалық салады», – деді спикер.
Жиынды қорытындылай келе Юлия Якупбаева министрлік спикерлер көтерген мәселелерге қатысты келесі тармақтар бойынша қосымша ақпарат беруі қажет екенін атап өтті:
- Оператор және оның жобалары, жаңа аруханаларды ұстау бойынша қаржылық есептер;
- салынбақ ауруханаларға арналған мамандарды дайындау бойынша нақты шаралар;
- ескі ғимараттарды пайдалану бойынша нақты ақпарат;
- Ұлттық оператордың жеке клиникалармен өзара қарым-қатынасы;
- Жаңадан салынған клиникалар кірісінің генерациясы және т.б.
«Денсаулық сақтау секторын кешенді түрлендіру ұсынылуда. Жаңа ауруханаларды салу, ескі ғимараттарды қайта бейімдеу. Өңірлік мамандарды қоса алғанда біздің мамандарымыз біліктілікті арттыру процесінен өтіп, жаңа жабдықпен жұмыс істеуге үйренуі тиіс. Бірақ осының барлығы қандай күшпен жасалады және мемлекеттен қандай шығындар талап етілетіні жайында әзірге жауап жоқ. Біз мемлекет орган толығырақ ақпарат беруі үшін осындай жиынды тағы өткізуды ұсынамыз», – деп қорытындылады Юлия Якупбаева.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: