«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтау әуежайының жұмысы қайта жанданды

2020 жылғы 20 Мамыр
- Маңғыстау облысы
3515 просмотров

Бұл Ақтау халықаралық әуежайының директоры Ерғазы Жолдасов мәлімдеді

Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша Ақтау әуежайы 16 мамырдан бастап ішкі әуе рейстерін қабылдап жатыр.
«Air Astana» әуе компаниясы бұрынғы ұшу кестесіне сай, «Ақтау-Нұр- Сұлтан» және «Ақтау-Алматы» бағыты бойынша күніне бір рет жолаушыларды тасымалдайды. Ал, «Scat» әуе компаниясы «Ақтау-Алматы» бағыты бойынша күн сайын бір рет, ал «Ақтау-Шымкент» бағыты бойынша аптасына екі рет жолаушылар тасымалдауда. Еліміздің барлық қалаларына ұшатын рейстер іске қосылады.


«Тек қана Атыраудағы пандемиялық жағдайға байланысты «Ақтау-Атырау» рейстері әзірге ұшпайды. Шамамен 25 мамырдан бастау әуе қатынастары реттелуі керек. Сонымен қатар шет мемлекеттерге бағытталған әуе рейстерінің қашан іске қосылатыны да әзірге белгісіз. Рейстер әуежай алгоритміне, күшейтілген санитарлық нормаларға, сондай-ақ борттағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орындалады»,- дейді әуежай директоры, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңес мүшесі Ерғазы Жолдасов.

Қауіпсіздік ережелері:
- Арақашықтықты сақтау. Тіркеу, тексеру, отыру мен түсу кезінде жолаушылардың арасы 1 метрден жақын болмауы қажет.
- Термометрмен өлшеу. Терминалға кіргенде жолаушылардың дене қызуы тексеріледі.
- Жеке қорғаныш құралдарын пайдалану. Ұшаққа отырғанға дейін және ұшу кезінде жолаушылардың бетпердесі болуы тиіс.
- Жолаушылар ұшудан 2 сағат бұрын әуежайда болуы қажет.
- Шығарып салушылар және күтіп алушы адамдар терминал ғимаратына кіре алмайды.

Әуе рейстері басталған 4 күн ішінде Ақтау әуежайы арқылы 1131 жолаушы аттанса, 1075 ұшып келген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер