«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Денсаулық сақтау саласында ұлттық оператор ретінде «Turar Healthcare» ЖШС-ын құру жөнінде қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз

2020 жылғы 20 Мамыр
7769 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы онлайн режимде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, салалық қауымдастықтар, бизнес-қоғамдастық және қоғам өкілдерінің қатысуымен денсаулық сақтау саласында ұлттық оператор ретінде «Turar Healthcare»  ЖШС құру мәселесін талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді

 Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында республика бойынша аурухана инфрақұрылымын жаңарту жоспарланған. Ескірген 40 нысан орнына көппрофильді халықаралық дәрежедегі 16 аурухананы салу қарастырылған (облыстық көппрофильді ауруханалар; қалалық көппрофильді ауруханалар, университеттік клиникалар).

 Ауруханалар заманауи техникалық шешімдер есебімен жобаланады және медициналық техника, ақпараттық жүйемен жабдықталып, ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде техникалық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.

 Ауруханаларды МЖӘ шарттар және басқа да ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде құру жоспарланған.

 Аталған жобаларда отандық, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі ауруханаларды салу және пайдалануға беруде тәжірибесі бар шетелдік компаниялар да мердігер болып қатысады.

 Ауруханалар құрылысы жобасын дер кезінде іске асыру үшін – «Turar Healthcare» ЖШС денсаулық саласында ұлттық операторы жобалық компания құрылмақ.

Дайындық кезеңінде жаңа ұйымның функциялары ауруханалар құрылысы дирекциясына ұқсас, ал ауруханалар іске қосылғаннан кейін – ұйым тікелей медициналық көмек көрсетеді.

 «Turar Healthcare» ЖШС негізгі міндеттері:

 - әзірлеу кезеңінде – барлық жобаларды әкімшіліктендіру және үйлестіру, МЖӘ келісімшарттарын жасау бойынша шараларды іске асыру;

-кадрларды ұйымдастыру және құрылмақ аураханаларға арнап оларды оқыту;

-медициналық көмекті көрсету;

 - МЖӘ келісімшарттары бойынша жеке әріптес міндеттерін орындауын бақылау;

 -жоғары білікті мамандарды дайындау бойынша университеттік заманауи ауруханаларыд құру.

Концессиялық жобалар бойынша серіктестік ауруханалар пайдалануға берілген соң өз қызметін осы объектілерде функциялық оператор ретінде жүзеге асырады, оның мәртебесі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде анықталған.

 Қоғамдық тыңдау 21 мамыр күні, сағат 10:00-де QazKenes.kz платформасында бейнебайланыс режимінде өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер