«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Егістіктен - дүкен сөресіне дейін». Президент ауылда кооперациялық тізбекті дамыту бойынша пилоттық жобаны құруды тапсырды

2020 жылғы 11 Мамыр
7285 просмотров

Мемлекет басшысы бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Үкімет пен Ұлттық палатаға бірнеше өңірде «егістіктен дүкен сөресіне дейін» ауылда кооперациялық тізбекті дамыту жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қазақстанда 1 млн 700 мың жеке шаруашылық барын, бірақ олардың өнімі ресми сауда объектілеріне сатылмайды және өңдеу кәсіпорындарына жетпейтінін атап өтті.

 «Мемлекет олардан салық алмайды, мұндай шаруашылықпен айналысушылар әлеуметтік қорғалмаған. Үкімет және «Атамекен» ҰКП-ға бірлесіп, бірнеше өңірде «егістіктен дүкен сөресіне дейін» кооперациялық тізбекті дамыту жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды тапсырамын. Содан кейін жобаның ауқымын арттырып, 2021 жылдың ортасына қарай толыққанды Бағдарламаны әзірлеуге кірісу керек», – деп атап өтті Президент.

 Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтімен мында танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер