«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Банктердің наурыз айындағы жағдайы қандай болды?

2020 жылғы 11 Мамыр
10032 просмотров

Теңгенің құлдырауы банктердің валюталық қайта бағалау есебінен депозиттер және несие портфелі көлемінің артуына әкелді, ал несиелер бойынша жаппай кейінге шегеру табысқа әзірге әсер ете қойған жоқ – Halyk Finance.

Наурыз айында теңгенің құлдырауы банктерде депозиттер және несиелік портфелі көлемінің сәйкесінше 7,6% және 5,0%-ға артуына әкелді. Алайда аталған өсу берілген валюталық займдарды қайта бағалау және банктердің валютадағы міндеттемелері есебінен қамтамасыз етілді, деп жазады өздерінің шолуында  Halyk Finance сарапшылары.

Теңгенің 18%-ға төмендеуі нәтижесінде банктердің депозиттік базасы 19,2 трлн теңгеге дейін артқан. Жинақтардың долларизациясы жыл басынан валюта нарығындағы доллар саудасының айына 64,8% өсуі аясында айына 43,1 пайыздан 46,7 пайызға дейін өсті, сондай-ақ айырбас пунктерінде доллар сатылымдардың 2,6 есе $433 млн-ға дейін өсті.

 Наурыз айының қорытындысы азаматтардың бөлшек теңгелік жинақтары 5,1 пайызға төмендегенін көрсетті деп жазады инвестбанк сарапшылары, ал долларлық эквиваленттегі валюталық салымдар 1,5 пайызға $10,2 млрд-ға дейін қысқарды. Корпоративті сектор наурыз айында керісінше теңгелік ақшалай көрсеткішті 5,3 пайызға өсірді, доллардағы корпоративті сектордың валюталық қоры 8,9 пайызға $10,9 трлн-ға дейін өсті.

 Теңге курсын қайта бағалау банктердің несие портфелінің едәуір өсуіне әсер етті, экономикадағы несие 3,6%-ға өсіп, 14,3 трлн теңгені құрады.  Осы ретте доллардағы экономика кредитінің валюталық жағы 2,5 пайызға сығымдалып, $5,6 млрд-қа дейін төмендеді. Алайда теңгелік тұрғыда корпоративті және бөлшек несие портфельдері ай ішінде сәйкесінше 5,9% және 1,2%-ға өсу көрсетті.

 Экономика секторлары кескінінде корпоративті несиелеуде несие берешегінің ең көп өсуі көлік саласы (+ 10,3% м/м), тау-кен өндірісі (+ 7,9% м/м), өңдеу өнеркәсібі (+ 5,4% м/м), құрылыс  (5,3% м/м) және АӨК (+ 4,9% м/м) байқалған.

 Осыған дейін ҚР Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі жеке тұлғалар және ШОБ несиелері бойынша мерзімі өткен төлемдер бойынша өтініштер саны 1,84 миллионды құрағанын атап өтті (2020 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша). Соның ішінде тұрғындардың 1,66 миллион өтінімі, агенттіктің бағалауынша бөлшек несиелердің 31,3%-ын қамтиды; ШОК субъектілерінен 11,5 мың немесе ШОБ-қа берілген несие портфелінің 44,1%-ы.

 Кешіктірілуі 90 күннен асқан проблемалық несиелер көлемі ақпандағы 8,4 пайыздан наурызда 8,9 пайызға артқан. Корпоративті несиелер бойынша кешіктірілген берешек үлесі бір ай ішінде 9,0 пайыздан 9,4 пайызға артты, ал бөлшек несиелер бойынша 5,1 пайыздан 5,4 пайызға артты. Осындай қарыздадың шоғырлануы Jýsan Bank (несиелік портфельден 37,6 пайыз), Capital Bank (87%), АзияКредит (47,2%), Пәкістан банк (24%), Банк RBK (14.8%).

 «Корпоративті несиелердің 2019 жылдың қарашасынан NPL90+ айтарлықтай өсуі  AQR процесінің аяқталуына байланысты болуы мүмкін, нәтижесінде жекелеген банктер проблемалық неселерді тану әдістерін қатаңдата алды», – деп атап өтті Halyk Finance.

Наурыз айында банктердің ликвидті активтерінің үлесі 44,3%-құрап, бір ай ішінде 1,8 пайыздық тармаққа артқан. Ликвидті активтердің үлкен үлесі Қытай банкі (88,2%), Сити (89,3%), Пәкістан банкі (69,2%), Шинхан Банкі (67,9%), Jýsan Bank (68,7%) және Қытай сауда-өнеркәсіп банкінде (68,3%) байқалған.

 «Аталған банктер, әдетте несиелік қызметтерді кең көлемде көрсетпейді», – деді Инвест банк жариялымында айтылған.

 «Басқа банктер арасында айтарлықтай өтімділік ForteBank – 51%, Altyn Bank – 45,7% активтерден, ВТБ – 46,3% активтерден, Halyk Bank – 49,2% активтерден. Ең төменгі көрсеткіштер Tengri Bank (4,9%), Capital Bank (2,4%), AsiaCredit (2,4%), HomeCreditBank (17,3%) және Заман (14,3%) банкінде байқалған. Өтімділіктің жоғары деңгейі, біздің пікірімізше 20-30%-ды құрайды», – деді Halyk Finance-та.

 Наурыз айында банктер кірісі 98,2 млрд теңгені құрады, бұл ақпандағы көрсеткіштен бір ширекке жоғары. Кіріске Halyk Bank (сектор бойынша бүкіл айлық кірістен 33,9% және жыл басынан 84,2 млрд теңге) және Kaspi Bank (сектор бойынша бүкіл айлық кірістен 23,1% және жыл басынан 57,4 млрд теңге). Наурыз айын шығынмен AsiaCredit, Tengri Bank, Al-Hilal және Пәкістан банкі аяқтады.  

 Ағымдағы жылдың тоқсандық деректері банк жүйесінің таза пайыздық және комиссиялық кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 34,9% және 9,1% өскенін көрсетеді. Алайда «ТЖ режимі елде наурыз айының екінші жартысында енгізілгендіктен табысқа дағдарыс әсер ете қоймады», – деп қорытындылады Halyk Finance.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер