«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада төтенше жағдай кезінде жұмыс жасауға рұқсат берілетін кәсіпкерлік субъектілері анықталды

2020 жылғы 29 Сәуір
- Қызылорда облысы
5991 просмотров

28 сәуірде Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері № 11 қаулыға қол қойды. Қаулыға сай аймақта карантин 11 мамыр сағат 00.00-ге дейін ұзартылды.

Қаулыға сәйкес Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдай кезінде кезең-кезеңмен жұмыс жасауға рұқсат берілетін салалардың және ұйымдардың тізімін бекітті.

Бірінші кезең - 29 сәуірден бастап жұмыс жасайтын төмендегі кәсіпкерлік субъектілері барлық санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды жүргізе отырып, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды:

         - сақтандыру қызметі;

         - нотариалдық қызмет;

         - медициналық қызмет көрсету (ЛОР, стоматология, офтальмология, ультрадыбысты зерттеулер, МРТ, КТ, зертханалар, гинекология, урология);

         - автокөліктерге қызмет көрсету орталығы;

         - май ауыстыру қызметі;

         - көлік жуу қызметі;

         - желімдеу қызметі;

         - шаштараз қызметі;

         - аяқ киім жөндеу қызметі;

         - электроника және тұрмыстық техника сататын сауда үйлерінің қызметі және оларды жөндеу «Тұтынушыға дейін жеткізу» қағидаты бойынша;

         - курьерлік қызметтер;

- ауылшарушылық техникасы мен оған қосалқы бөлшектерін сататын жеке және заңды тұлғалар

- ауылшарушылық техникасына сервистік қызмет көрсететін ұйымдар

- дақыл тұқымдары мен көшеттерін сататын жеке және заңды тұлғалар

-        Гүлдана базары (Әбілқайырхан көшесі, Жаңа базар аумағы)

-        Әшір сауда орталығы (Әйтеке би көшесімен Қонаев көшесінің қиылысы).

Мұнан өзге, штаттық режимде жұмыс жасайын дәріханаларды қоспағанда, азық-түлік гипермаркеттері, оптомаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер, бірінші кезекте қажетті тауарлар (шаруашылық және гигиеналық тауарлар) саудасы күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен күнделікті сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Мейрамханалардың, дәмханалардың, асханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану объектілері «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша саудасы күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен күнделікті сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Азық-түлік көтерме сауда орындарына «азық-түлік дүкендеріне дейін жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жұмыс жасауға рұқсат етілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер