«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

СҚО-да қандай кәсіпорындар жұмысын жалғастыра алады?

2020 жылғы 28 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
7921 просмотров

28 сәуірден бастап Солтүстік Қазақстан облысында карантинді жеңілдетудің алғашқы кезеңіне кірісу жұмыстары басталды. Қалыпты тіршілікке тұрғындар және облыстың кейбір ұйымдары оралады.

СҚО бойынша қатаң карантин кезеңінде өз жұмысын небәрі 5,5 мың кәсіпорын жалғастырды. 131 мың солтүстік қазақстандық жұмыс істеді. Негізінен жұмыстың толық тоқтауы шағын және орта бизнеске ауыр тиді. Мұндай қатаң шаралар ситуацияға қарай қабылданды. Енді 28 сәуірден бастап ШОБ субъектілері өз қызметтерін біртіңдеп жаңарта алады.

 «Бірінші кезеңде шағын және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар іске қосылады, олар құрылыс және жөңдеу жұмыстарына жұмылдырылады. Мәселен, терезелер мен есіктер, темірбетон бұйымдары, инертті материалдар және ағаш ұстасы цехтарын өндіру.  Өз жұмысын жол және жүк компаниялары мен асфальт зауыттары жалғастырады. Айта кетейін, өңірде ірі құрылыс компаниялары алаңдарда жұмысын тоқтатпады. Енді шағын құрылыс компаниялары да іске қосылады», – деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

 Бірінші кезеңде жұмысқа өңірдің 45 мың тұрғыны жұмысқа шығады. Негізінен кәсіпорындар әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеу және құрылыс жұмыстарына жұмылдырылады.

 Бұдан бөлек, бизнес қоғамдастықтың ыңғайына ХҚҚО жұмыс істей бастайды. Бұл жеңілдік кәсіпкерлерге мәмілелерді жасауға, құжаттарын рәсімдеуге және көктемгі-егіс жұмыстарын уақытында бастауға, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Азық-түілк дүкендері мен супермаркеттерге жұмыс уақыты 8:00-ден кешкі 7-ге дейін ұзартылды.

 «Сонымен қатар адвокаттық кеңселер, ТЖО, көлік жуу, дөңгелек жөндеу, химиялық тазалау және кеңсе техникасын жөндеу қызметтері ашылады. Тұрғындар әлі де қатаң шараларды ұстануы тиіс. Қауіп әлі де бар. Біз адамдардың саналы әрекет етуіне сенім артамыз», – деді өңір басшысы.  

 Жеке кәсіпкерлер және демалысқа жіберілген жұмыскерлер 42 500 теңге жәрдемақы алды. Төлемдер барлығы 4 млрд теңгеге 94 мың адамға тағайындалды.

 ӨКП-да бизнеске жұмысты қайта бастауға қатысты кеңес беру жалғасуда. Кәсіпкерлер сонымен қатар қызметкерлерді оқытуға, несие алуға және сертификаттар алуға өтініш бере алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер