«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Абылай Мырзахметов 361 кәсіпорын тізіміне қатысты ойын білдірді

2020 жылғы 27 Сәуір
2363 просмотров

Соңғы екі күнде кәсіпкерлер арасында дау тудырған ҚР Ұлттық Экономика министрілігінің 361 кәсіпорынды ғана қолдау туралы шешіміне «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз ойын білдірді.

Әлеуметтік желілерде кеңінен таралған жүйе құраушы кәсіпорындар тізімінің қалай жасақталғаны туралы ресми ақпарат сұраушылар қатары көбейген. Алайда Экономика министрлігінің еншілес мекемесі саналатын Экономиканы зерттеу институты тарапынан таратылған ақпарат әлі күшіне енбеген. Бұл институт сарапшыларының жұмыс материалдары болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

«Бұл тізім күшіне енген жоқ. Десе де, Ұлттық экономика министрлігі бұл шешімді қабылданбастан неге таратқаны түсініксіз. Өйткені, бұл әлі де қаралып жатқан мәселе. Бұл тізім Экономиканы зерттеу институты мамандарының жұмыс құжаттары деп санаймын. Сол тізім желіге түсіп, көптеген наразылықтар туындады. Бұл қолданысқа енейін деп тұрған тізім емес. Бұл институт сарапшыларының әртүрлі нұсқалардың ішінде қайсы тізімді қолдаймыз деген өздерінің жұмыс құжаттары», - деді Палата төрағасы.

Сонымен бірге, бұл тізім «Атамекен» ҰКП-мен келісілмеген, сондықтан Ұлттық палата кәсіпорындарды таңдау критерийлерін қалыптастыруға және жүйе құраушы кәсіпорындар тізімін құруға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

«Бізге министрліктің басшылары хабарласып, үлкен компаниялардың жағдайы қалай деген анкета толтыру туралы ұсыныс жасады. Біз қарсы болған жоқпыз. Тек орта және ірі бизнестің жағдайын анықтап беруге ғана келістік. Өйткені «Атамекен» төтенше жағдай енгізілгеннен бері алдымен қарапайым халық пен микро және шағын бизнеске көмек көрсету қажет деген бастаманы қолдап келеді», – деді Абылай Мырзахметов.

Сонымен бірге, Аблай Мырзахметов Ұлттық экономика министрілігі тізімді құрудың өлшемдері мен қағидаттарын кәсіпкерлерге түсіндіруі керек деп атап өтті. Оның айтуынша, бұл сұрақ кейбір компаниялардың акционерлері үшін де маңызды болуы мүмкін. Өйткені, олар ешбір сауалнама мен өтініш білдірмегендіктерін ескеру қажет көрінеді. (ол мысал ретінде Астана тобының жалғыз акционері Нұрлан Смағұловты келтірді).

«Мүмкін, министрлік бұны сараптауы керек, және жұмыс материалдарының жобасын дайындаған сарапшылар түсініктеме беріп, мәселені жасырмауы керек. Өкінішке орай, сарапшылар шу шыққан кезде нақты түсініктеме жасауы керек еді. Бірақ бұл ҰЭМ-нің кінәсі деп айтпаймыз, дегенмен егер бұл тізімдер министрлік тарапынан шыққан болса, нақты түсіндірулері керек», - деді Абылай Мырзахметов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер