Құрылыс саласында баға белгілеу жүйесін өзгерту қажет пе?
Құрылыс саласындағы баға белгілеудің мәселелері «Атамекен» ҰКП онлайн алаңында KDSstat жүйесі және Отандық тауар өндірушілер тізілімі таныстырылымы барысында талқыланды
«Қазақстан құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Нормативтерді әзірлеу орталығының директоры Арман Хасен бизнес сұрағандай, бағаларды қалыпастыру процесі цифрлық форматқа ауыстырылатынын айтты. Осы ретте ведомстволық статистика әдісі қолданылатын болады. Яғни салалық орган толтыруға арналған формаларды әзірледі, формалар толтырылып (егжей-тегжейлі), «Қазақстан құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ-қа жіберіледі, жіберу жиілігі бір тоқсанда ең кемі 1 рет.
«Бағаларды қалыптастыру қандай да материал құны туралы мәліметтер енгізілетін жүйе арқылы толығымен іске асырылады. Формаларды құрылыс материалдарын өндірушілер, жеткізушілер және құрылыс материалдарын сатып алған мердігерлер толтырады. Сондай-ақ өндірушілер, жеткізушілердің деректерін мердігерлердің деректерімен сәйкестендіруді қамтитын қосарлы бақылау қарастырылған», – деді Арман Хасен.
Өз кезегінде бизнес статистикалық есептер бойынша берілетін деректерді өңдеу бойынша қойылған жұмыс тиімділігіне қатысты күмәнін білдірді. «Атамекен» ҰКП Құрылыс комитетінің төрағасы өндірушілер мен жеткізушілер деректерді беру қажеттілігі туралы бейхабар екенін айтты.
«Дұрыс емес деректерді анықтау фактілері қалай анықталады, оған қандай жауапкершілік тағайындалады? Бізге түсініксіз», – деді Александр Белович.
BI Group Басқарма Төрағасының орынбасары Талғат Қожахметов әріптестін қолдап, баға белгілеуде құрылыс процесінің маусымдылығын есепке алу қажеттігін атап өтті.
«Құрылыста белсенді жұмыс екінші, үшінші тоқсанда жүргізілетіні бәріне мәлім, сәйкесінше осы уақытта бағаның өсіп кетуін байқаймыз. Осы ретте жинақтарда бір жылға орташаланған баға белгіленеді. Сонымен қатар технологиялық карталар бойынша есептелген еңбекақы нарық бағаларына сәйкес келмейді. Мәселен, Алматыда 1 текше метр бетонды жайғастыру бағасы 19 мың теңгені құрайды, ал нарықта 35 мың теңгеден төмен болса ешкім жұмысқа кіріспейді», – деді Талғат Қожахметов.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева жиналғандардың назарын KDSstat жүйесі бойынша ақпаратты жинау мен өңдеуді реттейтін нормативтік актінің болмауына аударды.
«Кез келген ақпараттық жүйе анықтамалықтардан басталады. Есептеу әдістемесі және ақпаратты беру кезеңділігі. Біз орта бағаны шығаруда ортаарифметикалық есептер әдісін қолданбауымыз керек. Бұл нонсенс. Әр өндірушіде өз қуаттылығы бар. Жеткізушілер бар, оларда мүлде басқа бағалар есебі. Географиялық құрауыш та бар. Біз шашыраңқы нәрсеніі циырландырмауымыз керек», – деді Юлия Якупбаева.
Проблеманы шешу үшін Юлия Якупбаева тауар өндірушілердің, жеткізушілердің және мердігерлердің тауарларға бағаны ұсыну процесін реттейтін, нысандарды толтыру бойынша түсіндірмелермен реттейтін заңға бағынышты нормативтік актіні әзірлеуді ұсынды.
Спикерді ҰКП комитеттерінің төрағалары қолдады.
«Негізгі әдістерді қайта қарауды талап еткенде сметалық реттеу және баға белгілеуді циярландыру туралы қалай айта аламыз? Мысалға, қазір қолданып жатқан жіктеуішті алайық, оның өзі жетілдіруді қажет етеді, өйткені егжей-тегжейлі тұстары жоқ. Бір тұрғын үй құрылысын мысалға алып, құрылыс материалдарының, еңбеақы, машиналар мен механизмдердің құнын салыстырмалы талдауды Құрылыс жөніндегі комитетке ұсынып, бағалардың шындыққа қаншалықты сәйкес келмейтінін көрсетейік», – деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Александр Белович.
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Владимир Бобровтың айтуынша, «Қазақстан құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ жасырын жұмыс істейді.
«Біз «Қазақстан құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ тарапынан бағалық ұсыныстарды өз атынан емес басқа ұйымдар атынан жіберуін дұрыс емес деп санаймыз. Сондай-ақ жеткізушілер бағалар үшін қандай жауапкершілікке алынуы керек? Әр жеткізушіде өз бағасы бар, ол үшін жауапқа тартпау керек», – деп атап өтті Владимир Бобров.
Жиын барысында Ұлттық палата жанындағы жобалық алқаның өкілі Индира Сәдуақасова Отандық тауар өндірушілер тізілімінің сынақ нұсқасын таныстырды.
«Тізілім мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдау. Құрылысшылар өндірушілер туралы қажетті ақпаратты алып отырады. Шығарылатын өнім қуаттылығы, өндірісі географиясы жайында ақпарат беріледі. Сондай-ақ Тізілімді бизнеске қажетті мәліметтермен толтыруға мүмкіндік жасалған», – деді Индира Сәдуақасова.
Жиын қорытындысы бойынша, бизнес қабылдаған шешім:
-кірісті нақтылау үшін баға белгілеу әдістемесін қарау,
- уәкілетті органға бір тұрғын үйдің мысалында құрылыс материалдарының құнын сметалық бағалар мен нақты бағалар жиынтығының салыстырмалы талдауын ұсыну.
Отандық тауар өндірушілер тізілімі мүмкіндігін зерттеу, соның ішінде оны «Қазақстан құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ платформасымен біріктіруді қарастыру.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: