«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экспортталатын тауардың шығу түбін растайтын құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізілді

2020 жылғы 21 Сәуір
4936 просмотров

Тауарларды экспорттау кезінде кәсіпкерлік субъектілер үшін кедергілерді азайту масқатында және келіп түскен көптеген ұсыныстарды ескере отырып, экспортқа арналған тауардың шығу түбін растайтын құжаттар тізбесін оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді

ҚР Сауда және инеграция министрінің 2020 жылңы 9 сәуірдегі № 72-НҚ бұйрығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі «Тауардың шығу түбін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» № 257 бұйрығына өзгерістер енгізілді, аталған бұйрық ағымдағы жылдың 25 сәуірінде күшіне енеді.

 Тізімнің жаңа жазбасында келесі өзгерістер қарастырылған:

  • өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес ретке келтірілді;
  • анықтық және нақты түсінік үшін тауарлар тобына қарай құжаттарды нақтылау және жіктеу жүргізілді:
  • ветеринарлық сертификат, астық қолхатын міндетті беру алынып тасталды;
  • ҚР-дан кері экспортталатын тауарларға құжаттарды нақтылау жүргізілді;
  • халықаралық келісімшарттарға сәйкес тауарлардың шығу сертификатын алу үшін тауарлардың экспорты фактісін растайтын құжаттар қосылды.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер