«Атамекен» «Қайырымдылық туралы» заңға енгізілген толықтыруларды қарастыруда
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қайырымдылық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы келіп түсті.
Еске салсақ, халық және әлеуметтік жауапты бизнес арасында қайырымдылық мәдениетін жүйелі дамыту мақсатында 2015 жылы «Қайырымдылық туралы» заң қабылданып, бірқатар маңызды прогрессивті ұсыныстар бекіттілді:
- қайырымдылық қызмет саласында (қайырымдылық, қайырымдылық жасаушы, қайырымдылық көмектің түрлері, қайырмдылық ұйымы) кең қолданылатын заңгерлік түсініктер мен терминдер бекітілді;
- қайырымдылықтың мақсаттары, міндеттері мен принциптері белгіленді;
- қайырымдылықтың түрлері, объектілері және субъектілері анықталды.
Осы ретте жүргізілген жұмысқа қарамастан, Тұжырымдаманы әзірлеуші кешенді заңнамалық реттеуді талап ететін негізгі түйткілді мәселелердің бары туралы атап өтті.
Тұтастай алғандай, Тұжырымдама түзетулердің төрт блогын қарастырады:
- Қайырымдылық түрлерінің бөліну негіздерінің жалпы белгілерін анықтау, фандрейзинг, краудфандинг ұғымдарын реттеумен қайырымдылық ұйымдардың мәртебесіне нормативтік-құқықтық талаптарды нақтылау және егжей-тегжейлі регламенттеуге, қайырымдылық көмектің (қайырымдылық гранттар, демеушілік көмек, туған өлкені қолдау) барлық түрлерін жүйелендіруге бағытталған түзетулер.
- Қайырымдылық қызметтің даму деңгейін және ашықтығын анықтау үшін «Қайырымдылық туралы» заңда қайырымдылық көмек алатын әлеуметтік, білім беру, діни және басқа мекемелерді қоса, қайырымдылық ұйымдарының уәкілетті органға олардың кірістері мен қайырымдылық көмекке арналған шығыстары туралы мәліметтер беру міндеттемесін қарастыру ұсынылады.
Бірқатар түзету қайырымдылық саласында уәкілетті органды анықтауға, сондай-ақ Үкімет, орталық атқарушы органдар, уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, қайырымдылық көмекті мемлекеттік реттеу саласында жергілікті өзін басқару органдары құзіреттілігін регламенттеуге бағытталатын болады.
- Түзетулер қайырымдылық мәдениетін дамыту, оны халық арасында насихаттау, мемлекет тарапынан, соның ішінде мемлекеттік наградалармен қайырымдылықты марапттау және ынталандыру механизмдерін енгізуге бағытталған.
- қолданылатын терминология және/немесе ішкі келісімділікті бір арнаға тоғыстыру, сондай-ақ мәтіндегі кереғар тұстар мен түрлі тәржіманы алып тастауға бағытталған түзетулер блогы.
Тұжырымдама мәтінімен танысуды ұсынамыз, егер Сізде ұсыныстар және (немесе) ескертпелер болса, оларды Заңнама және өзін-өзі басқаруды дамыту департаментіне келесі электронды пошта арқылы жіберуді сұраймыз: a.abdullina@atameken.kz
Тұжырымдама мәтіні мында.
Ұсыныстар/ескертпелерді қарау мерзімі шектеулі, ағымдағы жылдың 24 сәуіріне дейін.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: