«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бірқатар кәсіпкерлік түрі салық және басқа төлемдерді төлеуден босатылды

2020 жылғы 21 Сәуір
9869 просмотров

  Жеңілдіктер төтенше жағдай кезеңінде айтарлықтай қиын жағдайда қалған бизнес түрлеріне жасалды. Қызметтер саласының екі тізімі бар. Біріншісі - төлемдерден 2020 жылдың 1 қазанына дейін босатылады, екінші тізімі - ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін босатылады

  Шағын, орта және микробизнес өкілдерін, сондай-ақ жеке пратикамен айналысатын тұлғаларды келесі салық түрлерінен босаталы:  

 -төлем көзінен жеке табыс салығы; 

-әлеуметтік салық;  

  -міндетті зейнетақылық жарналар;  

  -міндетті кәсіби ейнетақылық жарналар; 

  -әлеуметтік аударымдар 

  -МӘМС жүйесіне аударымдар (кәчіпкер өзіне өзі төлейтіннен басқа).  

  Салықтан «босатылғандардың» тізіміне экономикалық және кәсіпкерлік қызметтің 29 түрі енді, соның ішінде коммерциялық орынжайды жалға беру қызметі бар.  

  Бұдан бөлек, 1 шілдеге дейін жоғарыда аталған салық түрлерін төлеуден экономикалық қызметтің 10 түрімен айналысатын ірі бизнес субъектілері босатылды.Мүлік салығынан 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін жеке практикамен айналысатын тұлғара, сондай-ақ аэродром мен әуежайлар терминалдарында ұшу-қону жолақтары босатылды. Ал әуе жолаушылар көлігі қызметімен айналысатын ҚР резиденті-салық төлеушілерге резидент емес үшін әуе кемелерін жалға беру операцияларын  заңды қолдау үшін 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін есептелген ҚҚС-ты төлеу бойынша кейінге шегеру берілген.  

  Коммерциялық қызметтердің  бірінші және екінші толық тізімдерді ҚР Үкіметінің « Экономиканы «салық салу мәселелері бойынша» тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі одан әрі шаралар туралы» қаулысынан көріге болады.  1-қосымша және 2-қосымша 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер