«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық бизнеске мұнай өндіру компанияларының сатып алуларына қатысу шарттары жеңілдетілді

2020 жылғы 21 Сәуір
5483 просмотров

 ҚР Энергетика министрлігі, «Мұнай және газ ақпараттық орталығы» АҚ және «PSA» ЖШС өкілдері «Сатып алулар ережелеріндегі өзгерістер және мұнай-газ саласының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында вебинарға қатысты. COVID-19 инфекциясының таралуы және енгізілген төтенше жағдай отандық бизнесті  және мұнай-газ саласында қазақстандық қамту үлесін дамытуды қосымша қолдау шараларын қолға алуға итермеледі.  

  Энергетика министрлігі ұсыныстар шығарды, ал Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия мұнай-газ саласы отандық жеткізушілерін қолдау шараларын мақұлдады. 25 наурызда ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев  № 110 бұйрығымен «Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің көмірсутектерін барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларда пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» № 196 бұйрыққа түзетулер енгізді. Енгізілген өзгерістер келесі мүмкіндіктерді береді: 

  • Жер қойнауын пайдаланушыларға байқау процедураларын жүргізбей Қазақстанда жасалған тауарларды бір көзден сатып алуға мүмкіндік беру. Отандық тауар өндіруші мәртебесі СТ-КЗ сертификатының болуымен немесе «Атамекен» ҰКП беретін индустриялық сертификатымен расталады ( жеткізушілер өндірушілердің өзі, сондай-ақ алып сатарлар да бола алады);

  • Жеткізушілер байқау процедураларының бұзылуына шағымдар мен басқа да даулы мәселелерді онлайн жібере алады, өйткені Энергетика министрлігінде Электронды құжат айналымы енгізілген;  

  • Егер отандық тауар өндіруші 5 жұмыс күні ішінде келісімшарт жасау және салыстыру құжаттарын ұсынуды қарастыратын ережелер тармағын бұзса, онда тапсырыс беруші келісімшарт жасауға құқылы. ТЖ режиміне байланысты бұл бұзушылық болып саналмайды.  

Бұдан бөлек, Энергетика министрлігі «Мұнай және газ ақпараттық орталығы» АҚ бастамалаған отандық  жеткізушілерді қосымша қолдау шараларын мақұлдады, бірақ әзірге енгізілген жоқ. 

  • Отандық жеткізушілер өтінішті бір ғана тілде (қазақ немесе орыс) бере алмайды, өтініш міндетті түрде мемлекеттік тілге аударылып, нотариустың растауымен берілуі керек. Нотариалдық растау егер құжаттар шетел тілінде болса талап етіледі:  

  • Рәсімдеу негізінде өтінішті қарамау ықтималдығы болмайды;  

  • Құжаттарды салыстыру тапсырыс берушінің бастамасымен жүргізіледі, және міндетті процедура болып саналмайды;  

  • Отандық жеткізушілер үшін қазіргі  60 күннін орнына 30 күн ішінде төлеу қарастырылған;  

  • Дайын тауарларды жеткізу 10 күн ішінде жүргізілуі тиіс, ал қазақастандық өндіруші өнімді 60 күнге дейін жеткізе алады, бұл мерзім оның өтінішін қарамауға негіз бола алмайды;  

  • Жанармайды бір көзден тәсілімен сатып алуға болады.  

 Осы өзгерістердің барлығы басқа мемлекеттік органдармен мақұлдау және ТЖ режимінің аяқталуынан кейін енгізу жоспарланған.  

  Қарашығанақ және Қашаған ірі жобаларында жасалған Өнімді бөлу туралы келісім №196 бұйрыққа жатпайтындықтан отандық өндірушілерді қолдау бойынша барлық жұмысты «PSA» ЖШС мамандары жүрігзді. 2020 жылдың сәуір айының басында «PSA» ЖШС,  Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В, сондай-ақ Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В Қазақстан Республикасында жарияланған төтенше жағдай кезеңінде отандық өндірушілерден тауарларды сатып алуды оңтайландыру туралы шешім қабылдау туралы келісімдерге қол жеткізілді. «PSA» ЖШС отандық жеткізушілер үшін келесі нәтижелерге қол жеткізді:  

  • Келісімшарттарды бәсекеліксіз негізде және қызметтерді бір көзден жеткізу негізінде беру (СТ-КЗсертификатымен немесе “Атамекен” ҰКП берген Индустриялық сертификатпен расталған Қазақстанда жасалған тауарларға);  

  • Тендерлік ұсыныстарды электронды форматта беру мүмкіндігі. 

 Аталған шаралар Қазақстанның мұнай-газ секторына бағдарланған тауар және қызметтерді отандық жеткізушелірге келісімшарттар жасап, қиын кезеңдерді өткеруге мүмкіндік береді.  

Шұғыл шаралардан басқа, «PSA» ЖШС мұнай және газ операторларымен және әр акционермен жүргізген жеке ұзақ  келіссөздерден кейін операторларды  Операторлардың сатып алу  ережелеріне келесі  өзгерістер енгізуге көндірді:  

  1. Егер тендерге қатысушылар өздерін қазақстандық тауар өндірушілер екені растаған жағдайда (Инустриялық сертификат немесе СТ-КЗ сертификат) баға ұсынысының құнын 5% шартты  түрде төмендетуді қолдану.  Бұдан бөлек, қазақстандық қамтудың әр 1 пайызына оператор 0,05% шартты жеңілдік есептейді, бұл шара бағаны шартты тағы 5 пайызға төмендетеді.  

  1. Егер жергілікті емес жеткізуші тауар өндірісін ішінара немесе толықтай орналастыруға қол жеткізуді өз мойнына алса (Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В-да тауардан 30%-дан кем емес). Бұндай жағдайда оператор жеткізушімен келісімшарт мерзімін келісімшартта көрсетілген алдыңғы мерзімге автоматты түрде ұзартатын болады.

  1. Осы тауар мердігердің техникалық талаптарына сай келіп алдын ала іріктеуден өткенін көрсеткен жалғыз ғана жергілікті тауар өндіруші болса, онда оператор аталған жеткізушіні “бір көзден” әдісімен таңдайды.

  1. Инвестициялар айырбасына келісімшарт. Егер әлеуетті инвестор операторға қажетті тауарды өндіру бойынша міндетті өзіне алса әрі сапасы толығымен сатандарттарға сәйкес келетінің кепілдендірсе, онда оператор оған келісімшартты байқау жүргізбей-ақ береді. Қолында кепілдендірген келісмшарты бар инвестор, ақша инвестициялап, Қазақстанда зауыт салып, өндірісті жолға қояды. Бұл шара шетелдік және отандық инвесторларға да қатысты.

  1. Операторлармен тоқсан сайын сатып алулар жоспарлары қамтамасыз етіліп, оператор веб-сайтында жарияланатындығы туралы келісім жасалды. Ақпарат болжамды бюджет, техникалық сиптаттама, жеткізілім орны, мерзімі және көлемін қамтиды. Отандық бизнеске бұл ақпарат қаржылық ресурс пен өндірісті дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді 

  1. Тендерлік ұсыныстарда жергілікті қамту бойынша критерийлерді белгілеу бойынша міндетті талаптар қосылды. Енді жектізуші міндетті тәртіпте Қазақстанда нақты не сатып алады немесе өндіретінін көрсетуі тиіс болады.

  2. Сондай-ақ тендерді жүргізу шартына егер кемінде алдын ала біліктіліктен өткен үміткер 5 жергілікті компания болса, сатып алу шарасы тек жергілікті жеткізушілер арасында жүргізіледі. Мұндай жағдайда тендер тек қана жергілікті компаниялар арасында өтеді.  

  3. Сатып алулар процедураларын цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Әлеуетті қатысушыларға өз ұсыныстарын электронды форматта жіберуге мүмкіндік беретін жаңа ережелер енгізілді.

Тендерлік процедураларына белгіленген түзетулер Төтенше жағдай аяқталған соң күшіне еніп, тұрақты негізде болады.  

 ҚР Энергетика министрлігі, «Мұнай және газ ақпараттық орталығы» АҚ және «PSA» ЖШС тез бейімделіп, қиын жағдайда отандық тауар өндірушілерді қолдауға барынша күш салды.  Қолдаудың бір бөлігі ТЖ режимі аяғына дейін ғана әрекет ететініне қарамастан, мамандардың айтуынша, ірі операторлар және басқа да жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына қатысуға онлайн өтініш беру мүмкіндігі сақталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер