«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Шағын бизнеске арналған 100 жоба» анықтамалық кітабы

2014 жылғы 23 Мамыр
23798 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» бизнес-анықтамалық кітабының тұсаукесерін өткізді.

Қазақстанда алғаш рет жарыққа шыққан «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» анықтамалық кітабында әр саланы қамтитын шағын бизнеске арналған 100 үлгілік жоба жарияланған. Жобаларда өндірістің түпкілікті өнімі, нарық саласы мен көлемінің қысқаша сараптамасы, өндірістің калькуляциясы бар технологиясы, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының технологиялық картасы, өтімділік есептері, жабдықтар туралы ақпарат, қаржыландыру көздері мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат көрсетілген. «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» және т.б. осы жобамен өзара байланысты арнайы мемлекеттік бағдарламалар тізімі анықтамадағы негізгі ақпарат болып табылады.

Бұл анықтама ұсынылған әрбір агроөнеркәсіптік бағыттағы бизнес-жоба бойынша есептер жүргізу мақсатында ең алдымен ауыл кәсіпкерлеріне арналған. Онда ғылыми негізделген өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының технологиялық карталары қолданылды. Кітапшада көрсетілген шағын-бизнес-жоспарлардың жоба бойынша сұрақтар жиынтығын қамтуы оның артықшылықтары болып табылады.

Сонымен қатар жинақ ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызмет түрлерін кеңейтуге бағытталған. Осы жобаларды жүзеге асыру бойынша ақпараттандыру мен оқыту жұмыстары ОҚО Кәсіпкерлер палатасы қалалар мен аудандардан ашқан бизнес-мектептер мен облыстың кәсіпкерлеріне қызмет көрсету орталықтарының өкілдіктері арқылы өткізіледі. Жоғарыда аталған жобалар «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары, сонымен қатар «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы аясында қаржыландырылмақ.

«Шағын бизнеске арналған 100 жоба» анықтамалық кітабының шығуы уақыт талабының сұрауымен болғанын атап өткен жөн, басылымда ісін бастаушы кәсіпкердің бизнес ашу үшін алғашқы есептеулер жүргізуіне мүмкіндік беретін ең сенімді ақпарат жинақталынған.

Елбасы 2013 жылдың желтоқсанында МҮИИДБ аясында пайдалануға берілген инновациялық жобалардың тұсаукесеріне арналған жалпыұлттық телекөпір кезінде қызметтің келешегі бар салаларын таңдау тұрғысынан ісін бастаушы бизнесмендерге қолдау көрсету қажеттігін атап кеткенін еске салайық. Ол ісін бастаушы бизнесмендер үшін қазірде біздің қоғамымызда талап етілетін бизнес-идеялардан тұратын «Әрбір қазақстандыққа арналған шағын бизнестің 100 қарапайым түрі» атты жолбасшы даярлауды тапсырған болатын.

Президент атап кеткендей, «олар мүдделі және еңбексүйгіш адамдарға жұмыс және өсімтал табыс береді. Бүгінде Қазақстанда 500 мыңнан аса көп балалы ана, 600 мыңнан аса мүгедек, 570 мың шамасындағы студент және шамамен 1,7 миллион зейнеткер бар. Бұл құрал – соларға арналады. Жалпы алғанда мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау елеулі іс болып табылады. Бұл әрбір министрлікке арналған міндет және менің барлық ірі, орта және шағын компанияларға деген өтінішім», - деп ерекшеледі Елбасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер