«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» жанынан Салық әдістемесі жөіндегі кеңес құрылды

2020 жылғы 15 Сәуір
2526 просмотров

Оның құрамына Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бөлімшелерінің жетекшілері, салықтық әдістемеге жауапты тұлғалар, сонымен қатар тәжірибелі салық мамандарын, аудиторлар, кәсіби бухгалтерлер, адвокаттар және салық заңгерлері кіреді. Кеңестің төрағасы болып Қазақстан салық кеңесшілері қауымдастығының Басқарма төрағасы Сәкен Қарин тағайындалды

10 сәуірде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Салық әдістемесі жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы бейнеконференция режимінде өтті.

 Салық әдістемесі жөніндегі кеңес «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының 2020 жылғы 12 ақпандағы №51 бұйрығымен салық салу саласындағы проблемаларды жедел және жүйелі түрде шешу мақсатында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кеңес беру-ақылдасу органы ретінде құрылды.

 Төтенше жағдай кезінде белгілі бір салық міндеттемелерін орындау тәртібін өзгертуді белгілейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 және 2020 жылғы 27 наурыздағы № 141 қаулыларының нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің салық есептілігін ұсыну мерзімдерін ұзарту құзыретіне қатысты сұрақтар түсіндіруге және дұрыс қолдануға қатысты бизнес-қоғамдастықтың көптеген сұрақтарына байланысты аталған мәселелерді Кеңестің отырысында қарау туралы шешім қабылданды.

 Кеңесте келесі мәселелер қаралып, шешім қабылданды:

 1. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 қаулысына қатысты.

Кеңес шешімі

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ҚР Премьер-Министрі атына ҚР Үкіметінің 20.03.2020 жылғы №126 қаулысының 2-тармағына 2020 жылға  мүлік салығы мен жеке табыс салығы ставкаларына «0» түзету коэффициентін қолдану мақсатында салық кезеңін (күнтізбелік жыл) нақтылауға өзгерістер енгізу бойынша көмек беруді сұраумен хат жолдау;

 ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 141 қаулысына қатысты

Кеңес шешімі

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ҚР Премьер-Министрі атына келесі шараларда көмек беруді сұраумен хат жолдау:

 ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы №141 қаулысының 4-тармағына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын кейінге қалдырылған төлемдер тізіміне енгізуге қатысты өзгерістер енгізу бойынша;

 ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы №141 қаулысының 4-тармағына өсімақы тағайындамау бойынша шараның әрекет етуін нақтылау – болашақтағы салық міндеттемелері бойынша өсімақыны тағайындау жағдайға таралуына қатысты  (салықтық тексерулер, шағымдар мен өтініштер негізінде) өзгерістер енгізу бойынша;

 3. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне келесі шараларды түсіндіруді сұраумен хат жолдау:

 1) ҚР Үкіметінің 20.03.2020 жылғы № 126 қаулысы бойынша:

- 2-тармақының 1) тармақшасы – бір объект бойынша тұрлі ставкалар болған жағдайда жыл қорытындысы бойынша мүлікке салық салу объектіні есептеуге қатысты;

-2-тармақтағы 3) тармақшасы – есептеу сомасын анықтау тәртібіне қатысты;

-4-тармақ –   болашақ салық міндеттемелері бойынша өсімақы төлеу жағдайлары бойынша сыйақы төлемеу шарасының қолданылуына қатысты (салықтық тексерулер, шағымдар мен өтініштер нәтижесі бойынша);

 -4-тармақшасы – аударым қарастырылған және аударымның нақты күні қарастырылған салықтық есептіліктің формаларының нақты тізіміне қатысты;

 2) ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы № 141 қаулысы бойынша:

- 4-тармақшасы – импортқа ҚҚС төлеу мерзімін кейінге шегеруді таратуға қатысты (ЕАЭО мүше мемлекеттері және үшінші елдерден);

 - 4-тармақшасы – аударым қарастырылған және аударымның нақты күні қарастырылған салықтық есептіліктің формаларының нақты тізіміне қатысты;

 4. «Атамекен» ҚР ҰКП-ға ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Ұлттық экономика министрлігінен жауап келгеннен соң қауымдастықтарға, ӨКП хабарландыру мақсатында түсіндіру хат жіберу, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП сайтында жариялау.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер