«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл шаруашылығын өндірушілерге блок-бекеттерден өтуге рұқсат берілді

2020 жылғы 15 Сәуір
8075 просмотров

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдіктерімен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, ауылшаруашылық техникалары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізушілердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін алгоритмдер жасалды. Облыс әкімдіктері облыс аумағында қозғалуға рұқсат берудің электронды порталдарын іске қосты», – деп хабарлады Ауыл шаруашлығы министрлігінің баспасөз қызметінде. Енді ауыл шаруашылығын өндірушілер блок-бекеттер арасында еш кедергісіз жүре алады деп санайды Ауыл шаруашылғы министрлігі. Ол үшін жергілікті атқарушы органға өтінім берген жеткілікті.

Осыған дейін «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасына көктемгі дала жұмыстарымен айналысатын  шаруалар мен кәсіпкерлерден көптеген өтінімдер келіп түсті.

Төменде кәсіпкерлер көтерген бірнеше мәселелерді келтірдік:

 «Бал сатамыз, өз омартамыз бар, аралар қыстақта Сарыағаш қаласында жатыр. Араларды тасымалдау үшін облыстар арасындағы блок-бекеттерге қандай құжаттарды көрсетуіміз керек?»
 

 «Бізді қашан жіберіп, облыс бойынша қатынауға рұқсат береді? Өсімдіктерді қорғау құралдарын реттеп алған жөн, әйтпесе нанның өзіндік құны өседі немесе сапа мен көлем күрт төмендеп кетеді. Сондай-ақ бізге және жұмыскерлерімізге жол жүруге рұқсат беріңіздер. Үш жұмыскерім Қарағанды облысында тұрады. Маған дәл осы мамандар керек»

 «Сұрағыма нақты жауап ала алмай отырмын. Жедел штаб пен әкімдікке бірнеше рет хабарластық, бірақ жауап жоқ. Мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыным, Павлодар облысында орналасқан шаруа қожалығының басшысымын. Қазіргі таңда қожалығымызға көктемгі дала жұмыстарын бастау керек. Біз картоп, арпа, ұсақ мал өсіреміз. Жалпы егіс алқабы 2020 жылы 2500 гектарды құрайды. Негізгі тұтынушы елорда тұрғындары. Шаруа қожалығына баруға рұқсат беру мүмкіндігін жедел штабпен мақұлдауды сұраймыз».

 АӨК-ты басқаратын сарапшылар әкімдіктер, Ауыл шаруашылығы министрлігімен үнемі байланыста. Әр мәселе бойынша егжей-тегжей жұмыс жүргізілді. Бірақ ауыл шаруашылығына жетекшілік ететін ведомствомен мақұлданған алгоритмсіз көктемгі дала жұмыстары уақытында басталмай қалар қаупінде болды. Бүгінде «Атамекен» көмегіне жүгінген шаруалар облыстар арасында қатынауды ұйымдастыруға көп уақыт кетпейді деген ойда.

 «Аталған өтінішке кәсіпорын басшысы электронды форматта қол қояды. Өтініш электронды базаға енгізіледі де барлық блок-бекеттерге жіберіліп рұқсатқа айналады. Көктемгі дала жұмыстарын уақытында бастаудың маңыздылығын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндірушілерге «жасыл дәліз» ретінде оңайлатылған тәртіпті белгілеуді ұсынамыз», – деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары.

 Шаруаға блок-бекеттер арқылы өтуге рұқсатты қалай алуға болады?

Ол үшін Министрлік мынадай жұмыс тәртібін бекітті:

  1. әр облыста көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жедел штаб құру (ары қарай – жедел штаб).
  2. Жедел штаб құрамына облыс/аудан әкімінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік инспекция комитеті және Ветеринарлық бақылау комитетінің аумақтық инспекциялары, ҚР ИИДМ көліктік бақылаудың аумақтық инспекциясының өкілдері, ІІД басшылығы, Денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, ХҚКО өкілдері, сондай-ақ «Атамекен» өңірлік палаталары және Қазақстан фермерлер одағының өкілдері кіреді.
  3. Жедел штаб жиыны күнделікті өтуі тиіс.
  4. Жедел штаб ауданда орналасқан ауылшаруашылық кәсіпорны басшыларының тізімін бекітеді, онда жеке куәлік туралы мәліметтер көрсетіледі де  бақылау-өткізу пункттеріне жеткізіледі.
  5. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары белгіленген үлгіде анықтама жазады, онда қызметкердің жеке куәлік деректері, ауыл шаруашылығы техникасы, жүк және жеңіл көлік деректері, оның қозғау негіздемесі көрсетіледі. Осы ретте ауыл шаруашылығы кәсіпорны қызмкеткерге барлық қажетті қорғану құралдарын (маскалар, қолғаптар және т.б.) беруді кепілдендіреді. Аурудың белгілері пайда болған жағдайда, ол медициналық қызметкерлерді шақырып, ұйымға карантин қою арқылы дереу әрекет етуге міндеттенеді.
  6. Блок-бекеттерді кедергісіз өту жеке куәлік пен кәсіпорын қол қойған анықтама арқылы іске асады.
  7. Жедел штаб авто бөлшектер, ауылшаруашылық қосалқы заттар, жанар-жағармай материалдары, минералды тыңайтқыштар, агрохимия, ветеринариялық препараттарды жеткізушілердің, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарына байланысты нотариус конторалары және басқа да ұйымдардың тізімін бекітеді.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер