«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылысшыларға төтенше жағдай кезеңінде жұмыс көлемдерін орындау бойынша мерзімдерді кейінге шегеруге рұқсат берілді

2020 жылғы 14 Сәуір
5282 просмотров

ҰКП және кәсіпкерлер құрылысшылар үшін жұмыс көлемдерін орындау мерзімдерін кейінге қалдыруға қол жеткізді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бизнес өкілдерінің сұрауымен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде сатылатын объектілерді салу мерзімдерін қайта қарауды түсіндіретін хатты таратты. Шешім Александр Беловичтің төрағалығымен өткен «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің отырысы барысында қабылданды.

 ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев қол қойған құжат  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыс орталықтарының әкімдіктеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жіберілді.   

 Үндеуге сәйкес мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесін келесі айлардың мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігімен қайта қарау керек (егер төтенше жағдай құрылыс қарқынына әсер еткен болса). Сондай-ақ егер келісімшартты орындамау ТЖ және карантин кезеңінде мердігерлер мен жеткізушілердың қолынан келетін жағдайларға байланысты болмаса айыппұлдық санкцияларды тағайындамау және сенімсіз жеткізушілер тізіліміне қоспау керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер