«Атамекен» бизнеспен бірге дағдарысқа қарсы шараларды талқылауда
«Атамекен» салалар өкілдерімен бизнесті қолдаудың дағдарысқа қарсы шараларды ашық талқылауды жалғастыруда. Кездесулер «TALAP» қолдаңбалы зерттеулер орталығы іске қосқан QazKenes.kz алаңында онлайн жүргізіледі.
QazKenes.kz жұмыс істеуінің алғашқы аптасында «Атамекен» мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен бизнес қауымдастықтар және кәсіпкерлермен ағымдағы жағдайды талқылау түрінде өз салаларының 12 кеңейтілген отырысын өткізді.
Тұтастай алғанда – АӨК, сауда, құрылыс, ІТ, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика сынды түрлі салалардан 600 кәсіпкер министрліктер басшыларымен тікелей салалардағы жағдайды талқылауға және дағдарысқа қарсы шараларды ұсынуға мүмкіндік алды.
Барлық онлайн-кездесулер «Атамекен» ҚР ҰКП әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында көрсетілді, онда әр қатысушы спикерлерге тікелей сұрақ қоюға мүмкіндік алды.
Қазіргі таңда ҰКП басқа салалармен талқылауларды жалғастыруда және салалық ерекшеліктерді назарға ала отырып, барлық келіп түскен ұсыныстарды үкімет қарауына жіберуді жоспарлап отыр.
Онлайн-талқылаулардың барлық материалдарымен atameken.kz сайтында «Салық күн тәртібі» айдарынан танысуға болады. ТЖ кезеңінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау туралы толығырақ білу
Пікір қалдыру:
Пікірлер: