Отандық кәсіпорындардың 44%-ы қызметін тоқтатты – салалық сауалнаманың қорытындысы
Жүргізілген сауалнама төтенше жағдайдан айтарлықтай зардап шеккен салаларды қамтиды. 9 сәуірдегі ахуал бойынша сауалнаманы 2 148 кәсіпорын толтырды (сауалнама нақты 2 сәуір күні басталды)
Толтырылған сауалнамалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығына тиесілі. Сондай-ақ біз сауалнамаға қатысқан кәсіпорындар өндірісінің жалпы үлесін 2019 жылға (ҚР Статистика жөніндегі комитетінің мәлеметтері бойынша) сала өндірісінің көлемімен салыстырамыз. Мұнда құрылыс саласы 17%-бен көш бастап тұр, ауыл шаруашылығы – 4,4%, сауда – 4% және т.б.. (4-слайд).
Сауалнаманы ең аз толтырған, бірақ айтарлықтай әлеуеті бар салалар – өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және мейрамхана бизнесі.
Сала бойынша |
саны |
үлесі, % |
Ауыл шаруашылығы |
631 |
25% |
Басқа |
294 |
14% |
Құрылыс |
284 |
13% |
Білім беру |
275 |
13% |
Туризм |
172 |
8,0% |
Өңдеу өнеркәсібі |
172 |
8,0% |
Сауда |
124 |
5,8% |
Көлік және логистика |
58 |
2,7% |
Мейрамхана бизнесі |
55 |
2,6% |
IT-қызметтер |
47 |
2,2% |
Медицина қызметтері |
36 |
1,7% |
Барлығы |
2 148 |
100% |
Қызметті шектеу
Кәсіпорындардың 44%-ы төтенше жағдай режиміне байланысты қызметін толығымен тоқтатуға мәжбүр. Сәйкесінше, кәсіпорындар үлкен шығындарға батты, шығын көлемін кәсіпорындар 232 млрд теңгеге бағалап жатыр (6-слайд).
Қаржылық ахуал
Төтенше жағдай кезеңінде
Кәсіпорындарға жүргізілген салалық сауалнама ТЖ кезеңінде әзірге ауыл шаруашылығы саласы ғана қаржы тұрғысынан тұрақтылықта екенін көрсетті (41%).
Дағдарысты қаржылық жағдайды келесі салалар (сауалнамаға қатысқандар ішінен) көрсетті:
- Туризм – 70%
- Мейрамхана бизнесі – 60%
Тұрақты қаржылық жағдайды келесі салалар көрсетті (сауалнамаға қатысқандар ішінен):
- Құрылыс – 63%
- Сауда – 55%
- ИТ-қызмет – 53%
- Білім беру – 43%
ТЖ режимінен кейін (ары қарай 6 айда – болжам)
Төтенше жағдайдан кейін қаржылық тұрақтылықта ауыл шаруашылығы (46%) және білім беру саласы (54%) болады.
Дағдарысты жағдайда келесі салалар болады (сауалнамаға қатысқандар ішінен):
- Туризм – 52%
- Мейрамхана бизнесі – 36%
Тұрақсыз қаржылық жағдайда келесі салалар болады (сауалнамаға қатысқандар ішінен):
- Медицина қызметтері – 58%
- ИТ-қызметтер – 57%
- Өңдеу өнеркәсібі – 54%
Өндіріс көлемі (ары қарайғы 6 айда – болжам)
Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бір бөлігі өндіріс көлемінің 50%-ға дейін төмендеуін және өндірілетін тауарлар құнының 20%-ға қымбаттауын күтуде (8-слайд).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: