«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» кәсіпкерлерге МЖӘ жобаларына қатысты дауларда көмек беруде

2020 жылғы 09 Сәуір
33789 просмотров

Мемлекеттік тапсырыс бойынша төлем алмаған мектепке дейінгі ұйымдар Ұлттық палатаға жүгіне алады

Кәсіпкерлер елде төтенше жағда енгізілгендіктен қызметін тоқтатты. Ұлттық палатаға күн сайын мектепке дейінгі білім беру саласындағы бизнес қоғамдастықтан мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырыстарының келісімшарттары бойынша төлемдердің тоқтағаны туралы шағымдар түсуде.  

 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 16 наурыздағы № 1 хаттамасынан үзінді: Белгіленген заңнамалық тәртіпте ҚР Білім және ғылым министрлігіне ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп мектепке дейінгі ұйымдарда, оның ішінде жеке ұйымдарда, төтенше жағдай кезінде мектепке дейінгі мекемелерге балалардың бару/бармау фактісіне қарамастан, мемлекеттік тапсырыстың үздіксіз қаржыландырылуын қамтамасыз ету.

ҚР Білім және ғылым министрлігі аталған тапсырманың орындалуын бақылауда ұстайды және білім беру саласындағы кәсіпкерлерде орын алған мәселелерге қатысты Ұлттық палатамен үнемі байланста.

 МЖӘ жобаларын іске асырып жатқан кәсіпкерлерден жиі өтінімдер түсіп жатқанына байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік департаменті ТЖ енгізуімен байланысты мәселелерді шешуде көмек пен қолдау көрсетуде.

 Өтінімдерді электронды мекенжайға жолдауды сұраймыз n.uzalina@atameken.kz; телефон нөмірі: 8 (7172) 919-366, whatsapp 8701-524-73-75, сондай-ақ сall-center - 1432 (Қазақстан бойынша тегін).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер