Бизнес пен мемлекет төтенше жағдайда мәселелердің шешімін табуда
2020 жылдың 8 сәуірінде Владимир Бобровтың төрағалығымен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Өңдеу өнеркәсібі комитетінің кеңейтілген отырысы өтті
Жиынға Ұлттық палата, мемлекеттік органдар, сондай-ақ салалық қауымдастықтар (одақтар) және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қойылды: CT-KZ сертификатын алу үшін құжаттар тізімін нақтылау және ТЖ кезеңінде мемлекеттік қолдау шаралары бойынша бизнестің ұсыныстары.
Бірінші мәселе бойынша жиын қатысушылары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің«Тауарлардың шығу түбін анықтау, тауардың шығу түбі туралы сертификат беру және оның қолданылу мерзімін жою ережесін бекіту туралы» 24.02.2015 жылғы №155 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бизнестің ұсыныстары талқыланды.
Бизнес өкілдерінің ұсыныстары CT-KZ тауардың шығу түбі туралы сертификатты беру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге қатысты болды (ары қарай – CT-KZ).
CT-KZ сертифкатын алуда тауарларды қажетті өңдеу критерийлерін анықтау үшін құжаттар тізімі нақтылау қажеттілігі туралы ұсыныс қолдау тапты.
Осы ретте кейбір ұсынылған өзгерістер қосымша талқылауларды қажет етеді, олардың ішінен аумақтылық принципін сақтау, яғни өтініш берушінің сертфиикатты алу өтінімі өндірістік базаның орналасқан жтері бойынша қабылдануы.
Сонымен қатар CT-KZ әрекет етуін алып тастау шарттары, ҰКП ішкі аудитын жүргізу, аудит өткізу туралы мемлекеттік органдардың хабарламалары туралы мәселелер көтерілді.
Жиынға қатысушылар бизнес білдірген ұсыныстардың өзектілігі мен дер кезінде жасалғанын атап өтті. Қаралып жатқан ұсыныстардың үлкен көлемін ескере отырып, оларды бөлек отырыста қарау үшін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе жаһандық COVID-19 пандемиясының салдарынан төтенше жағдайдың туындауы, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайдың күрт нашарлауы жағдайында өндірістік кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шараларына қатысты бизнес-ұсыныстар болды. Жиын қатысушылары бизнес ұсыныстары бойынша материалдар пакеті таныстырылды.
Аталған мәселе бойынша Ұлттық палатаның Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов сөз сөйледі, спикердің айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен дағдарысқа қарсы шаралардың екінші пакеті, соның ішінде ШОБ субъектілерін қолдау шаралары қабылданды. Бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпкерлер арасында қолдау табуда, өйткені барлық ақпарат Интернет және Ұлттық палата жанынан құрылған Жедел штаб арқылы бизнеске шұғыл жетеді.
«Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесі сайтына келген сауалнамаларға талдау негізінде Ұлттық палата орын алған түйткілді мәселелерді Президент Әкімшілігі мен Үкіметке дейін жеткізеді, аталған мәселелер сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасарлары деңгейінде қаралады.
Бұдан бөлек, өңдеу өнеркәсібінің салалық қаумдастықтары «Тыңдай алатын мемлекет» шартында ҚР Президентіне тікелей үндеу жазды.
Мемлекет тарапынан қолдау шараларының тиімділігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау барысында отырысқа қатысушылар Ұлттық палатадағы бизнес-ұсыныстарды жинақтап, талқылауға, содан кейін келісілген, негізделген және теңгерімді ұсыныстарды Ұлттық палата арқылы Үкіметке жіберу бойынша шешім қабылдады.
Кеңейтілген отырыстың қатысушылары карантин жағдайында осындай форматтағы кездесулердің тиімділігін атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: