«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Инновациялық және ғылыми-техникалық дамудың мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қазақстан Республикасы Заң жобасының тұжырымдамасы

2020 жылғы 08 Сәуір
6918 просмотров

 «Атамекен» ҰКП-ға Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген «Инновациялық және ғылыми-техникалық дамудың мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қазақстан Республикасы Заң жобасының тұжырымдамасы  келіп түсті.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты экожүйе жұмыс істеуінің инновациялық белсенділігі мен тиімділігін арттыру, инновациялық және ғылыми-техникалық қызметті қолдау болып табылады.

 Заң жобада ұсынылған шаралар:

  1. Инновациялық және ғылыми-технологиялық дамудың қолданыстағы заңнамалық нормаларын нақтылау және өзектендіру.
  2. Инновациялық қызмет үшін  қосымша және жетілдірілген ынталандыру мен қызықтыру шараларын құру.
  3. Мемлекеттік инновациялық саясаттың үйлестірілуін күшейту және көпшілік мойындаған халықаралық принциптер мен әдістерді енгізу.

Осы ретте заңнамалық бастамалар келесі негізгі бағыттарды қамтиды деп жоспарланған:

 •        инновациялық кластерлерді / мақсатты технологиялық бағдарламаларды қалыптастыру;

•         корпоративті инновацияларды дамыту;

•         стартаптар мен инновациялық компанияларды ынталандыру;

•         венчурлық капитал нарығын дамыту;

•         ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін коммерциялау тиімділігін арттыру;

•         мемлекеттік саясатты іске асыруды институционалдық нығайту.

Заңнамалық норманы қабылдау нәтижесінде күтілетіні:

•         халықтың, бірінші кезекте жастардың инновациялық белсенділігін арттыру;

•         жаңа жұмыс орындарын құруды арттыру;

•         ЖІӨ-де жоғары технологиялық өндірсітердің және инновациялық өнімнің үлесін арттыру;

•         Бәсекелестіктің жаһандық индексінің «Инновацияларға қабілеттілік» индикаторы бойынша  елдік рейтингті жақсарту.

Тұжырымдама мәтінімен мында  танысуға егер ұсыныстар мен ескертпелер болса мына тел нөміріне хабарласуды сұраймыз: : 8 (7172) 919 327, s.zhamanbayev@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер