COVID-19-ға жедел-тестілеу басталады
COVID-19-ға жедел-тестілеуді жылдам тіркеуге мүмкіндік бар
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 1,1 млн адамға жеткен. Джонс Хопкинс университеті деректеріне сәйкес әлемде 1,275 млн адам коронавирус жұқтырған, 262 мың адам сауыққан.
Осыған байланысты халық үшінн COVID-19-ға диагностикадан өту туралы мәселе өзекті болып отыр. Қазіргі таңда инфекциялық аураларды диагностикалау үшін екі түрлі әдіс қолданылады: Полимеразды тізбек реакция (ПТР) және Иммунді ферменттік анализ (ИФА) (жедел-тестілеу).
-
Полимеразды тізбекті реакция (ПТР) – биологиялық материалдағы анықталатын нуклеин қышқылдарындағы (ДНҚ) аз концентрациялы фрагменттердің айтарлықтай ұлғайтылуын қамтамасыз ететін молекулярлық биологиядағы эксперименталды әдіс.
-
Иммунды ферментті аанализ (ИФА) – науқас қанында инфекциялы агенттерге қарсы денелерді анықтауға көмектесетін жедел тестілеу. Мұндай тестілеу нәтижесі 15 минут ішінде дайын болады. Мұндай тестілеудің қателігі 10% бағаланады.
Диагнозды растаудың негізгі әдісі коронавирус РНК-сын анықтаумен жұтқыншақтан жағынды алу ПТР болыпп табылады. Қазақстанда аталған әдіс арнайы зертханаларда жүргізіледі, атап айтқанда: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы қауіпсіздігін бақылау комитеті, М. Айқымбаев атындағы карантиндік және зоонозды жұқпалар Қазақ ғылыми орталығы, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен мониторингтің ғылыми-практикалық орталығы және т.б. мұндай зерттеулерді жүргізуге алматы қаласында «Medical Partners Korea Qazaqstan» ЖШС зертханасына рұқсат етілген. Қауіпті вируспен жұмыс істеуді «КДЛ Олимп» ЖШС бастайды.
Жедел-тесті кім өте алады?
Тегін жедел тестілеуден өту үшін тәуекелділік тобына кіретін азаматтар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электронды денсаулық сақтау республикалық орталығы сайтында ақпараттық жүйедегі тіркеу процедурасын өтуі керек. Ары қарай сауалнамалар өңдеуден өтеді, кейін эпидемиологтар тәуекелділік факторы бар науқастарды COVID-19-ға тегін тестілеуге шақырады.
Тестілеуді тегін өткізе алатын адамдар тізімі ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен бекітілген.
Қазақстанда COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кімдер өте алады?
Тәуекелділік тобына жатпайтын, бірақ COVID-19-ға тестілеуден өтуді қалайтын азаматтар зерттеуді мемлекеттік және жеке зертханаларда ақылы түрде жасай алады.
Қазіргі таңда көптеген қазақстандық компания жедел тестілерді түрлі елдерден: Қытай, Ресей, Оңтүстік Кореядан әкелуде. Ол үшін өкілетті органнан біреттік тасымалға рұқсат алу керек немесе сараптаманың жедел процедурасын өту керек.
Бірреттік әкелімге қорытынды алу үшін өтініш беруші «Электронды үкімет» веб-порталына келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
- өтініш;
- қазақ тілі немесе орыс тіліне аударылған келісімшарт (контракт) немесе инвойс (жүкқұжат) электронды көшірмесі;
- төтенше жағдай (табиғи және техногендік сипаттағы) туралы жергілікті атқарушы органдарынан хаттың электронды көшірмесі.
Өтініш қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды жедел сараптамадан өткізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің «Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» РМК-ға құжаттар тапсыру қажет. Төтенше жағдайлардың алдын алу, індеттің, жұқпалы аурулардың пандемиясының пайда болуы мен салдарын жоюға арналған № 736 дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ережесіне сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдарды жедел сараптама:
- медицианлық бұйымдарды отандық өндірушілер үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іске асырылады.
- медицианлық бұйымдарды шетелдік өндірушілер үшін жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іске асырылады.
Бірнеше күн ішінде қазақстандықтар коронавирусқа жедел тестілеуден өтуге болатын зертханалар тізімі анықталады.
Мұндай мүмкіндік Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ғана емес барлық өңірлерде болғанын қалаймыз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: