«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық туристер елге дер кезінде оралды

2020 жылғы 07 Сәуір
5189 просмотров

Көшпелі туризм саласында азаматтардың құқығын кепілдендіру жүйесі қалай жұмыс істейді

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бүкіл туристік қоғамдастық атынан  көшпелі туризм саласында азаматтардың құқығын кепілдендірудің операторы ретінде  «Туристік Қамқор» қорына алғыс білдіреді.

 Төтенше жағдай жарияланған кезде шетелде демалыста Қазақстаннан 5 914  турист болған. Оларды қайтару үшін мемлекетке 1 млрд теңгеге дейін қаржы қажет етілді. Бұдан бөлек, елге туристердің бір мезгілде қайтуына уақыт пен техникалық мүмкіндіктер жетпей қалу ықтималдығы болды.

 Сол кезде басқа елдер туристерді қайтару мүмкіндіктерін енді қарастырып жатқанда, «Туристік Қамқор» 4-5 күнде елге 6 мыңға жуық туристі қайтарып, іс жүзінде бұл жұмысты аяқтады. Қазақстанның барлық туристері Қор қаражатына өкілетті орган, біздің елшіліктер және Малайзия, Мысыр, Ресей және басқа елдердегі консулдықтар қолдауымен елге 22 наурызға дейін оралды. Осы ретте Қор ақпараты бойынша бұл мақсатқа қордағы барлық қаражат жұмсалған.

 Қазіргі таңда туристер елге қайтқан уақытта туристік нарық қатысушылары алдында сапары іске аспай қалған туристерге ақшаны қайтару проблемасы тұр. Туристік нарықтың ерекшелігі туроператорлар туристер берген ақшаны авиакомпаниялардың депозиттеріне, орналастыру қызметтерінің және басқа да қызметтердің жеткізушілеріне, осы қызметтерді алдын-ала брондау, келісімшарттық қатынастарды орындауға жұмсап қойды. Ал үкіметтің коронавируспен күрес жөніндегі шешімдерімен бұл қатынастар іс жүзінде тоқтап қалды. Осылайша авиакомпаниялардың депозиттеріне төленіп қойған сома 1,9 млрд теңгені құрады, қонақүйлер депозиттеріне жұмсалған қаражат – 2,7 млрд теңгені құрады. Жеткізушілердің туроператорлар  жіберген ақшаны бұғаттауының жалпы сомасы 4,6 млрд теңгені құрады. Авиакомпаниялар мен қонақүйлер қазіргі таңда осы төлемдерді қайтара алмай отыр, өйткені қызмет толығымен тоқтап тұр.

 Осыған байланысты Ұлттық палатаға туропареторлардан жеңілдікпен несиелеу түрінде (немесе олардың несиелерін мемлекеттік институттар арқылы қайта қаржыландыру) туропареторларға шұғыл минималды мемлекеттік қолдау шараларын толықтыруды сұрау бойынша өтінімдер келіп түсуде. Сондай-ақ карантин кезінде орындалмаған саяхаттардың қаражатын қайтару бойынша сот шешімін 3 айдан 5 айға дейін мерзімге шегеруді маңызды деп санайды.

 Жоғарыда атлаған ұсыныстардан бөлек, туроператорлардың дербес жұмысын есепке алу керек, туроператорлар өз қаражаттары есебінен Қазақстан азаматтарын елге қайтара алды, жұмсалған қаражат бизнес дамуына бағытталуы мүмкін еді.

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экономиканың қатты зардап шеккен саласын қолдауды сұрайды. Бұл ретте қолдауға кеткен қаражаттың келешекте қайтарымы және экономика дамауын оң әсері болатынын есепке алған жөн.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер