«Атамекен» ҰКП Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасымен байланысты нығайтуда
2020 жылдың 31 наурызында Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің атсалысуымен «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов және Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Геннадий Чижиков бейнебайланыс режимінде келіссөздер жүргізді.
Сұхбат барысында тараптар COVID-19 эпидемиясының таралуын болдыртпау бойынша мемлекеттерде қолданылып жтақан шаралар және екі ел үкіметінің карантин жағдайында экономикаларын қолдау бойынша ақпаратпен алмасты.
Осы ретте спикерлер Қазақстан-Украинаның сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуда үлкен әлеуеттің барын атап өтіп, эпидемиядан кейінгі кезеңде палаталар арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту бойынша әрі қарайғы қадамдарды белгіледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: