«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордалық кәсіпкерлер карантинде жататын науқастарға арнап өз ғимараттарын бермек

2020 жылғы 01 Сәуір
- Қызылорда облысы
3633 просмотров

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.  

Жазбада: «Жаңа ғана аймағымызға белгілі кәсіпкерлер Қайрат Боранбаев пен Мұрат Сәрсенбаев әріптестерім хабарласып, мына ел басына түскен сынақта күн-түн демей күресіп жатқан жандарға көмек бергісі келетіндіктерін жеткізді. Қайрат Жомартұлы «Қызылорда» қонақүйін, Мұрат Абайұлы әуежай маңындағы ғимаратты уақытша медициналық нысан ретінде пайдалануға беретіндіктерін жеткізді.

Түсінікті болу үшін кәсіпкерлердің жазған хабарламасын толық жазуды жөн көрдім. Қайрекең мен Мәкең маған ренжімес.)

«Елімізге келген алапат ауруға қарсы күреске бізде атсалысу мақсатында, қала сыртында аэропорт тұсында гостиничный комплекс          (түсінікті болу үшін) етіп салынған үш ғимаратты: біреуін асхана,  біреуін мед.персоналдарға және ауруға күдікті кісілерді оқшаулауға, отыз адамдай орналастыруға беруге дайынбыз.»

«Галеке! Если понадобится мы можем предоставить здание гостиницы "Кызылорда" для размещения карантинных! Главное пусть помогут с медперсоналом!».

Бұған дейін де, кәсіпкер-әріптестеріміз Ділмұхамед Абызов, Аида Керімқұлова және өзге де әріптестеріміз халыққа тегін маска таратып, өңір тұрғындарына моральдық қолдауларын көрсеткен болатын.

Осындай қайырымды жандарымыз барда «біз алмайтын асу, бағындырмайтын биік» жоқ екендігіне көзің жете түседі.

Бар болыңдар, Сырдың арда азаматтары!», - деп көрсетілген.

Айта кету керек, аты аталған кәсіпкерлердің барлығы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер