«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сабыр Есімбеков ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша атқарушы хатшы болып тағайындалды

2014 жылғы 14 Сәуір
9227 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасымен ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Сабыр Есімбеков ҚР ҰКП халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша атқарушы хатшы болып сайланды, деп хабарлайды Palata.kz

Анықтама:

Сабыр Есімбеков 1990 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.

1993 жылы РҒА Шығыстану институтының Жапондық зерттеулер орталығының аспирантурасын бітірген.

1996 жылы Йокогама университетінің аспирантурасын бітірген. Йокогама университетінің аспиранты.

Халықаралық қатынастар саласының жапон және ағылшын тілді маманы.

Халықаралық құқық магистры. Заң ғылымдарының кандидаты. РФҒА Шығыстану институтының ЖЗО аспиранты.

1995-2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Жапониядағы істерінің уақытша сенім жүктелген адамы, Жапониядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бірінші хатшысы.

2000-2001 жылдары – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ жобаларды басқару департаментінің директоры.

2001-2002 жылдары – «Мұнай мен газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ жаңа жобалар департаментінің директоры.

2002-2003 жылдары – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директорының даму жөніндегі орынбасары.

2003-2006 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тасымал инфрақұрылымы және сервистік жобалар жөніндегі атқарушы директор.

2006-2007 жылдары – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директорының тасымалдау жөніндегі орынбасары.

2007-2008 жылдары – «VISOR Holding» компаниясының мұнай-газ жобалары жөніндегі басқарушы директоры.

2008-2011 жылдары – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ атқарушы директоры, инвестициялық жобалар департаментінің директоры.

2011-2012 жылдары – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры.

2012 жылдан бастап – Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті.

Өзге қызметтері:

2003-2005 жылдары – «ҚазСтройСервис» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2004-2006 жылдары – «KazTransCom» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2003 жылдан – «Еуро-Азия Эйр» Әуекомпаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2005 жылдан – «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2012 жылдан – Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің мүшесі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер