Жүк көлігі үшін елордаға кіру және шығу ережесі
Құрметті кәсіпкерлер! Елорда маңындағы блок-бекеттердегі кептелісті болдыртпау үшін Нұр-Сұлтан қаласына кіру/шығуға қатысты жаднамамен мұқият танысуды сұраймыз
Қалаға кіру үшін сұралатын құжаттар:
- Сүйемелдеушінің жеке куәлігі немесе төлқұжаты;
- Тауарға тауарлық-көліктік жөнелтпе жүкқұжат (азық-түлік, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек және темекі өнімдері);
- Қорғанудың жекелеген құралдары: санитайзерлер, гигиеналық заттар (медициналық маскалар, резіңке қолғаптар), сондай-ақ жеке бас қорғану құралдары (маскалар, халаттар, резіңке қолғаптар).
Азық-түлік тауарлар, медициналық заттар және темекі өнімдерін жеткізу тәулік бойы іске асырылады!
Азық-түліктік емес және құрылыс материалдарын жеткізу – түнгі уақытта 22:00-ден таңғы 5-ке дейін іске асырылады.
Елордаға ұзақ уақытқа келген барлық көлік құралдары есепке алынады. Жүк көлігінің қозғалысына штабтың мақұлдауынсыз рұқсат берілмейді.
Көлік құралдарының елорда аумағына өтуі үшін электронды мекенжайға operativnyy_shtab@mail.ru АЛДЫН АЛА өтініш жіберу керек. Осылайша карантинтік аймаққа кіру/шығу процесі тездетіледі.
Өтінішті кәсіпорынның бірінші жетекшісімен рәсімделеді де мөрмен басылады (бар болса), сондай-ақ бірінші жетекшінің байланыс нөмірін жазу керек.
Карантин уақытында қалада болу уақыты 6 сағатқа дейн шектелген. Осы уақыт өткен соң барлық блок-бекеттерде жүк көлігінің қаладан ШЫҒУ жөнінде шектеу қойылады. Осы жағдайда қаладан шығуға өтінімді қайталап жазуға тура келеді. Осы шартқа назар аударуды сұраймыз!
Жаднаманы мында жүктеуге болады
Пікір қалдыру:
Пікірлер: