Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!
Қадірлі достар!
Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Жыл басы – Наурыз халқымыз үшін жарқын, тамыры тереңде жатқан ерекше мереке. Түрлі ұлттар бұл күнді жақсылықтың бастауы, ең бастысы –баршамызға ортақ мейрам ретінде атап өтеді. Әлемнің жаңаруы мен көктем келуінің нышаны саналған мейрам әр отбасыға амандық, тыныштық әкеліп, ел бірлігі мен берекесін арттырсын!
Биыл Наурыз мейрамы ел үшін қиын кезеңде, пандемия жағдайында өтуде. Өз кезегінде бүкіл бизнес қоғамдастығына орын алған ситуацияны дұрыс қабылдап, қолға алынған шараларды қолдап жатқаны үшін алғыс білдіремін. Бүкіл әлемді дүрліктірген індетті және көптеген қиындықтарды жұмыла өткеріп, бірігіп жеңеміз деген сенімдемін. Қазіргі кезде баршамызға ортақ міндет – осы төтенше жағдайда бизнесті сақтауға көмектесетін бастамалар мен ұсыныстарды бірігіп табу.
«Атамекен» ҰКП бизнеспен үнемі байланыста – «Атамекен» сall-орталығы – 1432, whatsapp +7 778 870 1432. Сіздер көтерген мәселелер шешімін табады!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!
Құрметпен,
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы
Тимур Құлыбаев
Пікір қалдыру:
Пікірлер: