«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының қатысуымен брифинг өтті

2014 жылғы 12 Сәуір
9215 просмотров

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР ҰКП Ұлттық инвесторлар Кеңесінің отырысында аталған, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмалары тұрғысындағы қызметінің мәселелері бойынша брифинг өткізді.

Кездесуде өңірлік бизнестің даму мәселелері қозғалды, онда ауылдық бизнеске субсидия және кредит беру түріндегі әдеттегі және бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан аспаптармен қатар гранттық қамсыздандыру институты құрылатын болады.

Жұмыс аясында Үкіметпен Оңтүстік Корея тәжірибесі бойынша мақсатты банктер құру белсенді талқылануда, олар стартаптар деңгейінде шағын бизнестің өзін қаржыландырар еді. Бәлкім, бұл «Бизнеске жасалған 10 қадам» жол картасы болашағының негізіне айналатын шығар.

ҰКП бастамасымен құрылмақшы кепілдендіру қоры да маңызды қаржы институына айналады. Абылай Мырзахметовтың айтуынша, Қор ҰКП, «Даму» КДҚ және бірнеше екінші деңгейлі банктердің тең үлескерлік қатысуымен қалыптастырылатын болады. Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдау бойынша бірыңғай бағдарламаны ағымдағы жылдың шілдесінде ұсыну жоспарланатындығы аталып өтті.

ҰКП-ның оқытудың дуалды формасын енгізуге белсене қатысуы мәселесін қозғай отырып, Абылай Мырзахметов жағдайды түбегейлі өзгерту үшін, заңнамаға өзгерістер енгізу керектігін ерекше атады. ТжКББ жүйесін модернизациялаудағы екінші маңызды қадам, оның ойынша, еңбек нарығын ұзақ мерзімді кезеңдерге қарай талдау және топшылау болып табылады, оған сәйкес оқыту жасақталатын болады.

Брифинг барысында Абылай Мырзахметов Елбасының алдағы EXPO-2017 халықаралық көрмесінің нысандарын салуға қазақстандық бизнесті тарту бойынша арнайы бағдарламаны дайындау бойынша тапсырмасы аясында отандық компанияларға мониторинг жүргізілетіндігін хабарлады, оның мақсаты қазақстандық мазмұнды барынша қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Ұлттық палатаның Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева ҰКП EXPO-2017 жобалары үшін инфрақұрылымды құруға ат салысатындығын атап кетті. Бүгінгі күні волонтерлерді, гидтерді даярлауды және Астананың Сауда-саттық белдеуімен жұмысты шамалайтын бірқатар жобалар баршылық.

Сондай-ақ Палатаның «Бизнесті президенттік қорғау» сайтына келіп түсетін жолданымдарды қарастыруға қатысу формасы айтылып өтті, яғни олар автоматты түрде ҰКП қоржынына түсетін болады.

Брифингті қорыта келіп, ҰКП Басқарма Төрағасы Палатаның интеграциялық келісімдер, оның ішінде, Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт жобасын даярлаудағы қызметі туралы әңгімеледі. Ол жыл басынан бері қауымдастықтар мен өңірлік кәсіпкерлер қатысуымен 30-дан астам жұмысшы жиналыстар өткізілгенін атап кетті. Қорытындысында ЕЭО туралы Шарттың барлық бөлімдері бойынша бизнес-қоғамдастықтың шоғырландырылған ұстанымы жасалып шықты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер