«Атамекен» Салық кодексіне түсіндірме топтамасын әзірледі
Кәсіпкерлік қызметтің жағдайын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Салық кодексіне түсіндірме әзірлеу бойынша жұмысты бастамалады
Аталған бастама өкілетті мемлекеттік органдар, атап айтқанда Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі және оның ведомствосы – Мемлекеттік кірістер комитеті, сондай-ақ сот корпусы тарапынан қолдау тапты.
Салық заңнамасының спецификалық ерекшелігі және күрделілігі көп жағдайда кәсіпкерлерге кедергі болып отыр. Салық саласында бизнес пен билік арасындағы диалогтың қалыптасуына қатысты алғашқы маңызды қадам – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа Салық кодексінің әзірлеуіне қатысуы болды. Түсіндірме – салық заңнамасын оңтайландыру және кәсіпкерлер мен жалпы халық арасында салықтық мәдениетті қалыптастырудағы келесі қадам.
Түсіндірме Салық кодексінің нормаларын практикалық мысалдарды келтіре отырып, баптар бойынша түсіндіруді қамтиды. Мұндай шара оқырмандарға қандай да бір салық түрі бойынша салық салу ерекшеліктерін, сондай-ақ жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты түсінуге мүмкіндік береді.
Ұлттық палатаның Салық кодексіне түсіндірмені жариялау бойынша стратегиялық серіктесі «Учёт.kz» компаниялар тобы болды. Аталған компания 2006 жылдан бері еліміздің бухгалтерлерін бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша ақпараттандырып, оқытады, кеңес береді.
«Іс жүзінде бізде даулы тұстар көп, бұл жайт кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін дұрыс есептеу туралы күмәнін тудырады. Қарапайым тілмен салық заңнамасының талаптары түсіндірілетін Салық кодексіне жасалған түсіндірме топтамасы көптеген бухгалтерге көмек құралы болар еді», – деді «Учёт.kz» компаниялар тобының негізін қалаушы Максим Барышев.
Салық кодексіне түсіндірмені кітап дүкендерінен сатып алуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: