«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазіргі кезде квазимемлекеттік секторға реформа қажет – Абылай Мырзахметов

2020 жылғы 17 Наурыз
8988 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Atameken business телеарнасына берген сұхбатында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің әкімшілік шығындарының өзі  54 млрд теңгеден асып түскенін айтты

 Ұлттық палата басшысы Үкімет шығындарды оңтайландыру туралы хабарлағанын атап өтті. Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысының жолдауларында, сондай-ақ  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында квазимемлекеттік кәсіпорындар санын қысқарту бойынша тапсырмалар айтылған.

 «Атамекен» позициясы – қазір квазимемлекеттік секторға реформа жүргізудің уақыты келді. Біз кеше мұны айттық. Түсінемін, бұл біреуге ұнайматын шығар. Мысалға «Бәйтерек» холдингін алайық. Бұл құрылымның мәнін көріп тұрған жоқпын. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған «ДАМУ» бар. «ДАМУ» қорымен серіктеспіз, көптеген бағдарламен жұмыс істейміз, көп қызметіміз ұқсас. Бізде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарымыз да біреу. Қайталаудың не қажеті бар?...Қаражатты үнемдеп, керісінше «ДАМУМЕН» қосылуға қол жеткізу үшін күшімізді біріктіріп, «ДАМУ» қорын  басқаруға ала аламыз, – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Спикердің айтуынша, «Қазақстанның даму банкі» АҚ қазіргі уақытта импортты алмастыру жөніндегі саясаттың операторы болып, ірі инфрақұрылымдық жобалармен жұмыс істеп, Үкімет атынан банктерге кепілдік және басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдай алар еді. «Тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ты «Атамекен» басшысы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне беруді ұсынды.

 «Бәйтерек» құрылымында 11 еншілес компания бар,  соның ішінде үшеуін ғана көріп тұрмын. Біз қарап шықтық, онда жылдық әкімшілік шығын 54 млрд теңгені құрайды. Осындай шара қолданудың уақыты келген шығар. Барлығы айтылған, бұл Елбасының стратегиялық бағыты, Президент сабақтастық саясатын растады, қазір осындай шешім қабылдау қажет, бұл жақсы белгі», – деді спикер.

Еске салсақ, 24 қаңтарда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев   квазимемлекеттік сектордың қызметін реттеу – Үкімет жұмысының маңызды бағыты екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, 2007 жылдан бастап 2018 жылға дейін мемлекеттік холдингтерге қаражатпен 7 трлн теңге бөлінген, ал Есеп комитеті функционалды қайталау, құрылым мен штаттың үлкен ауқымы сияқты жүйелі мәселелер қатарын анықтады. Бүгінде «Бәйтерек» холдингінде 63 ұйым бар, соның ішінде 2,8 мың қызметкер жұмыс істейтін 11 еншілес компания бар. «Бәйтерек» компаниясының 2018 жылдағы әкімшілік шығындары 54 млрд теңгеден асқан, соның ішінде қызметкерлердің еңбекақысына 24 млрд теңге жұмсалған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер