«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата қайта қаржыландырудың 12%-дық мөлшерлемесіне қарсы

2020 жылғы 17 Наурыз
5412 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Atameken Business телеарнасының тікелей эфирінде айтты

Спикер бүгінде экономика стагнациясы, нарықтағы сұраныстың төмендеуі және нақты секторды несиелеудің төмендеуі кезінде базалық мөлшерлемені жоғарылату бизнес үшін ауыр соққы болатынын атап өтті.

 «Жаңа шарттар мынадай, мемлекеттік бағдарламаларға қатыспайтындар үшін несиелердің базалық мөлшерлемесі 17%-дан төмен болмайды», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

 Еске салсақ, 16 наурызда Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 12% деңгейінде сақтау және ішкі нарықтың жаңа макроэкономикалық жағдайға бейімделуі туралы мәлімдеме жасады.

 «Жұмсартып айтқанда, мұндай шара тиімсіз. Егер біз ұсынымдарын орындап жатқан елдерге қарайтын болсақ, онда мөлшерлемелер нөлге түсірілген. Ресей – басты сауда серіктесіміз, бұл ел мөлшерлемені 6%-дан сәл жоғары деңгейде қалдырған. Аталған мәселеде саяси шешім қабылдануы қажет», – деді спикер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер