Бізге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды сақтап қалу аса маңызды – «Атамекен»
Инвестициялық жобаларды емес, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды сақтауға басымдық беру. Мұндай позицияны «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Atameken Business телеарнасына берген сұхбатында айтты
«Атамекен» ұсынған қолдау шаралары арасында Үкімет барлық мемлекеттік бағдарламалары бойынша несиелеу мөлшерлемесін 6% деңгейінде сақтау, сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша басымдықтарды жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды қолдауға қарай қайта қарау шараларын қолдады.
«Инвестициялық жобалар біраз кейінге қалдырылуы үшін қарапайым заттар экономикасы бойынша қосымша қолдау сұрадық. Жаңа бастамаға кім қаражат салады? Бізге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен жұмыс орындарын сақтап қалу аса маңызды», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.
Егер осыған дейін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қаржыландыру екіге бөлініп, 50%-ы жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды қолдауға, қалған бөлігі инвестициялық жобаларға жұмсалған болса, қазіргі ситуацияда барлық қаражатты айналым қаражатын толтыруға бағыттау қажеттілігі туындаған.
«Біз 600 млрд теңгені 100% айналым болуы үшін өңдеу секторының басқа бағыттарына таратуды ұсынамыз. Кім 50 де 50-ні қаласа, инвестициялық әлеует болса, мархабат, шектеу қоймаймыз, бірақ қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға арзан айналым қаражаты қажет», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: