Төтенше жағдай режимі кезінде ҚР шекарасынан өтетін автомобильді жүк тасымалдаушыларға арналған ережелер
Шекара жабылған соң халықаралық жүк тасымалдары жаңартылды, осы ретте медициналық тексеру талаптары қадағаланады
Жүргізуші белгіленген уақытша сақтау қоймаларына қарай қатаң түрде бағыт алып, көлік кабинасында отыруы керек. Жеке бастамамен қоғамдық жерде болуға тыйым салынған. Жүргізуші жанармай құю бекетіне, қоғамдық тамақтану орындарына, азық-түлік дүкендеріне, көлікке арнайы жабдықталған тұрақтарға, немесе көлік сынған жағдайда ТЖО-ға баруға құқылы.
Егер жүргізуші коронавирус белгілерін анықтаса не істеу керек?
Көлік кабинасында отыру қажет, 103 немесе 112 нөміріне хабарласып, өзінің хал-жағдайын, көліктің тұрған жерін, кабинада отырған адам саны туралы хабарлап, жедел жәрдем келгенше күтуі қажет.
Жүк тиегенде өзін қалау ұстауы керек?
Кедендік тазалаудан және көліктен жүкті түсірген соң шетелдік тасымалдаушы авто көлікке жүкті тиеп, жүк тиеу және кедендік рәсімдеу орнында, қатаң түрде болу шартымен жүкті кедендік рәсімдеуді іске асыруға құқылы.
Жүкті тиеуді күту кезінде авто көлік және жүргізуші жүк көліктеріне арналған арнайы тұрақта бола алады. Жүк тиеу және кедендік рәсімдеуден кейін жүргізуші шекараға, елге кіру кезінде ұстанған шарттарды ұстана отырып Қазақстаннан кетуі тиіс авто көлік өткізу бекетіне қарай қатаң түрде бағыт алуы керек.
Маңызды!
Шетелдік тасымалдаушының нысаналы орынға қарай және қайтар жолға бағыт алуы кезінде жүргізушінің халықпен, сондай-ақ бақылау органдарының өкілдерімен қарым-қатынасын мейілінше азайту қажет.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: