«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер мәселесі – басты назарда

2020 жылғы 13 Наурыз
- Маңғыстау облысы
3785 просмотров

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкер Ш. К. Мыңбаева Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы әрекеттеріне шағымданып хабарласты.  Кәсіпкер  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңы 3 мың га жуық жер учаскесінің меншік иесі. Осы мәселе кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес кеңесінің отырысында талқыланды

 Ол 2019 жылы  «Сауысқан «кен орнында жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп қайтару туралы хабарлама алады.  

Аталған жер қойнауын пайдалану 2000 жылғы келісім-шарт негізінде «Сауысқан» кен орнында жер асты суларын өндіру мақсатында қолданылып келді. Осылайша, 19 жыл бойы су өндіру ешқандай қиындықсыз жүргізілді . Кәсіпкердің жерін мемлекетке қайтару мәселесі болған емес.

  Әкімдіктің қаулысымен, жер асты суларын өндіруді жүргізу мақсатында мемлекет мұқтажы үшін кәсіпкер учаскесінің жалпы алаңынан көлемі 1700-дай жер учаскесі иеліктен шығарылғаны анықталды. Меншік иесінен мүлкін мәжбүрлеп алу ҚР Конституциясының 26 бабы 3 тармағы бойынша мемлекетке аса қажет жағдайда оған тең түсетін өтем жасалғанда ғана жүзеге асады.Жергілікті биліктің»Сауысқан»жеріндегі учаскені мәжбүрлеп қайтару заңға қайшы, - дейді кәсіпкер. Өйткені 2019 жылдың 30 қазанында мәмлеге келу туралы өтініш жасаған кәсіпкергеМаңғыстау ауданының әкімдік өкілдері ауызша түрде бас тартқан. Соннан соң кәсіпкер 2019 жылдың қарашаасынада облыс әкіміне жазбаша өтініш қалдырып, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауды сұрайды.

     Алайда , осы уақытқа дейін жергілікті атқарушы органнан келісім алған жоқ, Заңның 62-бабының 1 және 2-тармақтарынан мәжбүрлеп иеліктен шығару ҚР заңнамасында көзделген мүлікті иеліктен шығарудың барлық өзге де ықтимал жағдайларын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін және мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге (балама) тәсілі болған кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берілмейді

      Қазақстан Республикасында меншік құқығына қол сұғылмайды және оны қорғауға негіз болып табылатын Негізгі Заңмен – ҚР Конституциясымен бекітілген заңмен кепілдік беріледі . Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 6-бабының 1-тармағы , республикада мемлекеттік және жеке меншік танылады және бірдей қорғалады делінді. Қазір бұл іс сот қарауында жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер