«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан және әлемдегі еңбек тұрақтылығының индексі

2020 жылғы 11 Наурыз
2518 просмотров

2020 жылдың 11 наурызында «Атамекен» ҰКП алаңында Еңбек нарығы тұрақтылығының индексі бойынша шеберлік сабағы өтті. Іс-шара HR-менеджерлері және Астана мемлекеттік қызмет хабының бірлесуімен өткізілді.

Whiteshield Partners компаниясының сарапшылары 2020 жылға Еңбек нарығының құрылымдық икемділігінің жаһандық және өңірлік индексін таныстырды. Индекс елдердегі еңбек нарықтарының болашақ құрылымдық және технологиялық өзгерістерге дайындығын өлшейді. Зерттеу әдістемесі төрт негізгі аспектіге негізделген:

  1. Еңбек нарығының ұлттық деңгейдегі тұрақтылығы; 
  2. Еңбек нарығының суб-ұлттық деңгейдегі тұрақтылығы;
  3. Еңбек нарығыны салалық тұрақтылығы;
  4. Еңбек тұрақтылығын жоғарылатуға арналған үздік практикалар. 

 Үздіктердің ондығында Швейцария, Сингапур, АҚШ, Дания, Нидерланды, Швеция, Германия, Финляндия, Ұлыбритания және Бельгия сынды елдер бар. Қазақстан Армения, Әзірбайжан сынды елдерде озық тұр, бірақ салыстырмалы түрде жақсы нәтижеге қарамастан, ТМД елдерімен салыстырғанда еліміз 60-орында тұр.

 

Зерттеу мәліметтері бойынша әлімдік еңбек нарығыны ңтұрақтылығы соңғы 5 жылда 10%-ға өскен. Қазақстан рейтингі де жоғарылаған. 2015 жылмен салыстырғанда Қазақстан 12 сатыға көтерілген. Бұл технология саласындағы көрсеткіштердің жақсаруына және экономикалық мүмкәндіктердің кеңеюіне байланысты. Алайда жақсы нәтижені Нұр-Сұлтан  жән еАлматы қалалары ғана көрсетіп тұр.   Қарағанды облысын айта кеткен жөн, бұл өңір білім беру саласында және кәсіпкерлік және технологиялардың тиімділігін арттырудағы жоғары нәтижелермен өзге өңірлерден ерекшеленеді.

Ал Түркістан облысы осал біліктілік және еңбекпен қамтуда шектелген мүмкіндігі бар ауылдық жер ретінде сипатталған. Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда Павлодар облысы егде тарқан адамдар бойынша жоғары үлеске ие. Маңғыстау және Атырау облыстары еңбек нарығын поляризациялайтын мұнай экспортына қатты тәуелді. Солтүстік Қазақстан облысы – мүмкіндігі шектеулі аграрлық экономика аумағы. Онда формалды емес (шартты емес) жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі белгіленген. 

Осы ретте Алматы облысы индекстің көшбасшысы – Алматы қаласына жақын орналасуына қарамастан кірістерде жоғары теңгерімсіздікке ие және білім беру саласында нәтижелері төмен.
Зерттеу авторлары еңбек нарығы тұрақтылығын жоғарылату үшін барлық мүдделі тараптар: мемлекеттік және жеке сектор, сонымен қатар универиситеттер/институттар/үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы көпжақты тәсілді қолдану қажеттігін айтты. Қазақстанға өңірлік ерекшеліктерге басымдық беру:  әр өңірге жекелей мемлекеттік саясатты бейімдеу ұсынылуда. Өз баяндамадары кезінде сарапшылар әр өңір бойынша ұсынымдар айтып, ең үздік тәжірибелерді мысалға келтірді.

Whiteshield Partners – Fortune 500 жетекші компаниялары, түрлі елдер үкіметтерін және халықаралық ұйымдарға кеңес беретін стратегия және мемлекеттік саясат саласындағы жаһандық (ауқымды) кеңес беруші фирма.

«HR-менеджерлер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестік 2010 жылы адам ресурстарын басқару саласында тәжірибе алмасу, отандық менеджерлердің адам ресурстарын басқару жөніндегі менеджерлердің кәсіби біліктілігін дамыту, адам ресурстарын басқару саласында үздік әлімедік стандарттарды енгізу мақсатында құрылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер