«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экологиялық кодекстен салықтық түзетулерді алып тастау ең озық қолжетімді технологияларды енгізуді қиындатады

2020 жылғы 04 Наурыз
7376 просмотров

 Мәселе «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің жиыны барысында талқыланды

Салық туралы кодекске сәйкес 2020 жылдан бастап ҚР-дын салықтық емес заңнамасына салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды қосуға тыйым салынды.

«Ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге ынталандыратын жалғыз норма – төлем мөлшерлемесіне 0 коэффициентін қолдану арқылы кешенді экологиялық рұқсатты алу мерзімінен бастап – жағымсыз әсер ету (эмиссиялар) үшін төлемді алып тастау туралы норма қабылданбауы мүмкін, өйткені ол тиісті заң жобасы мәтінінен алынып, салық мәселелері жөніндегі басқа заң жобасы шеңберінде қаралатын болады», – деді KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Яромир Рабай.

Ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге кететін кодекс жобасында жазылған шығындар тікелей мұнай, тау-кен-металлургиялық және энергетикалық секторға қатысты, бұл жайт қосымша шығындарға әкеледі. Бизнес-қоғамдастық  жекелеген салық заң жобасы бойынша жаңа жұмыс тобы экологиялық кодекс жобасына егжей-тегжейлі тереңдей алмайтынына алаңдаулы, бұл заң жобасында ең озық қолжетімді технологияларды енгізу жолдары экономикалық (салықтық) ынталандырусыз мүмкін емес.

Өз кезегінде Комитет төрағасы Данияр Абылғазин аталған мәселені бірлесіп қарау қажеттілігін айтты, өйтпеген жағдайда ең озық қолжетімді технологияларды енгізу принципіне қол жеткізілмейді.

 Сонымен қатар комитет шеңберінде электронды сауда алаңдар мәселесі қаралды. 2019 жылдың ақпан айында электронды сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газын сату басталды. Бұл шара әділ нарықтық баға белгілеу және сауданы либерализациялау мәселесін шешу керек болды. Электронды сауда алаңдары биржалық сауда-саттықтың баламасына айналды. Әлеуетті бағалардың дүмпу диапазонын ұстап отыру үшін өсудің шекті мәні 20%-да белгіленді.

Бір жыл ішінде электронды сауда алаңдары арқылы 176 тонна сұйытылған газ сатылды, алайда сұйытылған газды бірқатар сатып алушы сауда-саттыққа көңілі толмады.

«Жыл соңында кейбір алаңдарда баға өсуіне қатысты ситуациялар орын алды. Осыған байланысты Энергетика министрлігі бірқатар шектеулерге әкеп соғатын түзетулерді бастамалады», – деп атап өтті  Яромир Рабай.

Сауда-саттық сессияларын қысқарту, сұйытылған газды теміржол және автомобиль көлігі арқылы шығаруды қатаңдату ұсынылды. Сауда-саттық ережесінде баға жоғарылауы 10%-ға дейін төмендетілген. Шекті өсуді қабылдау Маңғыстау облысымен байланысты, бұл өңір сұйытылған мұнай газын жалғыз жеткізуші.

 «Түпкі проблема – барлық зауыттарға бірдей шығарым бағасын беліглеуде. Маңғыстауда ауқым тар, «Қазгазөңдеу» заутының шығарым бағасы және нарықтық баға арасындағы айырмашылық 116%-ға дейін жетеді. Зауыт бағасын көтеру керек, сонда газды жанармай бекеттерінде сатпай, алып-сатарлықпен айналысатын жеке кәсіпкерліктер және ЖШС-лар өз-өзімен жабылып қалады», – деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

 ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов электронды сауда алаңдары арқылы сауда-саттық нарықтық либерализацияға әкелуі керектігі жайында атап өтті.

 «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС 2019 жылы сұйытылған мұнай газын сатуда  15,5 млрд теңге жоғалтты. Сұйытылған газды зауыттан сатып алудың орташа бағасы – литріне 25 теңге, ал нарықтық баға 55 теңгені құрайды.

 «Бұл салада 170 жеке кәсіпкерлік тіркелген, алайда қалада мұндай көлемде жанармай станциялары жоқ. Біз электронды сауда алаңдары арқылы сауда-саттықты қолдаймыз, бір жыл ішінде кәсіпорын қосымша 16 мың тонна сұйтылған мұнай газын өндіріп, оны сауда алаңында сата алды. Тәжірибе газдың бағасы нарыққа байланысты екенін көрсетті: егер 2019 жылы бір литрді 25 теңгеге сатсақ, наурыз айында 1 литріне баға 34 теңгені құрады. Электронды сауда алаңы ашық механизм болады, әзірге басқа әдіс көріп тұрағынымз жоқ», – деді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев.

 Данияр Абылғазин ҚР Энергетика министрлігіне сұйытылған газ нарығын реттеу механизмдерін егжей-тегжейлі зарттеуді және оны либерализациялаудың барлық нұсқаларын қарауды ұсынды. Түпкі мақсат зауыттағы көтерме бағамен сатып алушыға да, сонымен қатар жанармай бекетіндегі бөлшек бағамен сатып алушыға да оңтайлы болуы керек.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер