Әйелдер кәсіпкерлігінің өзекті мәселелері талқыланды
«Елімізде шағын және орта бизнестің 60%-дан астамын әйелдер басқарады. Бұл тіпті дамыған елдер деңгейінен асып түседі. Мәселен, АҚШ – 52%, Германия – 50%, Жапония-55%-ті құрайды» деді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова.
«Бизнестегі іскер ханымдардың табыс кілті: Жобалар, бастамалар және алдағы жоспар» тақырыбында өткен брифинг әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы негізгі мәселелерге арналды. Сонымен бірге, кеңестің өткен жылы атқарған жұмыстары сөз болды. Әдетте, білім беру және денсаулық сақтау сияқты мемлекеттің тыныс-тіршілігі мен дамуы үшін аса маңызды салаларда көшбасшы рөлді атқаратын қазақстандық әйелдер елдің ЖІӨ-нің шамамен 40% - ын құрайды екен. Бұл көрсеткішті одан әрі арттыру мақсатында былтыр «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы кеңес арнайы қолдау қорын құрған. Аталған қордың құрылуы барлық кәсіпкерлер үшін микрокредит беру тетігі арқылы қаржыға қол жеткізу проблемасын шешуге бағытталған.
«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және олардың бастамаларын қолдау бағытында мақсатты қарыз беру (жалпы көлемі 3 млрд.теңгені құрайды) арқылы жеңілдікпен микрокредит алу бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда 400-ге жуық өтінім қаралып, солардың 372-сі қанағаттандырылған. (3 млрд.теңгеге қарыз алған) Бұл былтыр «Халық банкі» АҚ-мен жасалған екіжақты меморандум негізінде іске асырылып отыр», - деді Л.Керімқұлқызы.
Баспасөз конференциясында әйелдер кәсіпкерлігін білім беру бағдарламалары арқылы дамыту мәселесі де айтылды. Еліміздің 11 өңірінде «Атамекен» ҚР ҰКП мен Азия даму банкі арасында қол қойылған келісім бойынша «Ауылдық аймақтарда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» атты семинар-тренинг ұйымдастырылып келеді. Семинарға осы уақытқа дейін 500-ден астам кәсіпкер әйел қатысқан.
– Семинар нәтижелері бойынша әйелдер бизнесті жүргізу бойынша жаңа білім алып қана қоймай, бизнесті қолдаудың барлық құралдарын да сатып алады, яғни онлайн-бизнесті жүргізу бойынша әлеуетті арттырады, дәлірек айтқанда, SMM-маркетинг, таргеттелген жарнама бойынша білімдерін шыңдайды. Бұл бизнесі бар қыз-келіншектерге арналған жоба екенін еске салу керек, - деді кеңес төрайымы.
Сонымен бірге, Палата әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың жаңа нысандарын құру, әсіресе, ауылдық жерлердегі әйелдер бизнесін дамыту бағытында «БҰҰ-әйелдер» құрылымының және ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен шағын отбасылық бизнесті ашу бойынша жәрдемақы ретінде «Әйелдер кәсіпкерлігіне арналған 100 идея» электрондық каталогын әзірлегені айтылды. Бұл тек өз ісін бастауды жоспарлап отырған, бірақ жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдар үшін тамаша мүмкіндік деп атап өтті Лаззат Рамазанова. Каталог жақында таныстырылатындығы және «Атамекен» ҚР ҰКП-ның ресми сайтында жарияланады.
Брифинг барысында жеңіл өнеркәсіп дамыту мақсатында осымен екінші жыл қатарынан өткізілетін «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлері ұлттық байқауының басталғаны хабарланды. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту бүгінгі күні басым бағыттардың бірі болып табылады, өйткені саланың әлеуметтік маңызы жоғары, халықты жұмыспен қамтамасыз етудің ең оңтайлы тұсы да осында.
– ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 1071 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бар, оның ішінде: ірі – 12, орташа-26, шағын – 1033. Жеңіл өнеркәсіпте барлығы 12,7 мың адам жұмыс істесе, 322 кәсіпорын – тоқыма бұйымдарын өндіру, 632 кәсіпорын – киім өндіру, 117 кәсіпорын – былғары және оған жататын өнім өндірісімен айналысады, - деді өз сөзінде Л.Керімқұлқызы.
Айта кетейік, «ALTYN OIMAQ» байқауына өтініштер 4 наурыз бен қыркүйек айының 1-не дейін жалғасады. Байқау лауреаттары 1 млн.теңге көлемінде қаржылай сыйақыға ие болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: